• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Аққыстау ауылына шетелдің палуандары жиналды

    Атырау облысы, Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында дзюдо күресінен осы ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Бақтығали Ғұбайдуллинді еске алуға арналған 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнир өз мəресіне жетті.

    Əзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен жəне еліміздің түкпір-түкпірінен келген үш жүзге жуық палуан өзара мықтыны анықтады.
    Турнирді ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медальдар мен ақшалай сыйлық табыс етілді.

    Мұсағали ТАСҚАЛИЕВ,

    Аққыстау ауылы

    Исатай ауданы

    Атырау облысы.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *