• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Атырауда ардагерін ұлықтаған жарыс жалауын көтерді

    Атырау облысы, Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында дзюдо күресінен Исатай ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Бақтығали Ғұбайдуллинді еске алуға арналған 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир басталды.

    Турнирге Əзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан жəне еліміздің түкпір түкпірінен келген 200-ге жуық жас палуан 10 салмақ дəрежесінде сынға түсуде.
    Дүбірлі жобаның ашылу салтанатын аудан əкімі Марат Мурзиев құттықтау сөзбен ашып берді.

    Одан кейін турнирдің құрметті қонағы, дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш əлем чемпионы Елдос Сметов пен жазушы, драматург Разымжан Отарбаевтар қатысушыларға сəттілік тіледі.
    Республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы, профессор Мұсағали Тасқалиев аудан әкімі Марат Мурзиев пен турнирді ұйымдастырушы Абат Бақтығалиұлына журналымыз атынан естелік медальдар табыс етті.
    Аудан əкімі Марат Бисенғалиұлы мен турнир иесі Бақтығали ағамыздың ұлы Абат Ғұбайдуллин Елдос Сметов пен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбо жəне дзюдо күрестерінен шеберлер арасында əлем чемпионы Аманбай Қыздарбаевтарға шапан жауып құрмет көрсетті.
    Осы турнирдің құрметті қонақтары, Атырау облысында дзюдо күресінің негізін қалаушылардың бірі Асқар Бакенов пен шеберлер арасында əлем чемпионы, спорт ардагері Марал Көшкіновтер қатысушыларға күрестің әдістістерін көрсетті.
    Ардагер спортшыларға да Ғұбайдуллиндер отбасы атынан шапан жабылып, сый-сияпат ұсынылды.
    Ертең қазақ күресінен түйе палуандар сайысы басталады.

    Алтын ҒАБИТҚЫЗЫ,

    Аққыстау ауылы

    Исатай ауданы

    Атырау облысы.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *