• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    prosports.kz

    Шавкат Рахмонов UFC тізіміндегі орнынан айырылды

    Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) уақытынан бұрын жеңген кездесулері бойынша UFC файтерлері арасындағы орнын сақтап қала алмады. Ол енді рейтингте бірінші орында тұрған жоқ.

    Бұған дейін Рахмонов бірінші орында болған еді. Ол қатарынан бес рет жеңіске жетіп, рейтингте бірінші орынға шыққан болатын.  Ал қазір оны ресейлік файтер Сергей Павлович (18-1) басып озды.

    Ресейлік шебер қатарынан алты рет жекпе-жекке шығып, соның бәрінде уақытынан бұрын жеңімпаз атанды. Ол айқастарда қарсыластарын бірінші раундта-ақ жеңген.

    Шавкат Рахмонов болса, ол UFC-дегі бес жекпе-жегінде Алекс Оливейра (24-13-1), Мишель Празерис (27-4), Карлстон Харрис (17-5), Нил Мэгни (27-10) және Джефф Нилді (15-5) ұтқан.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *