• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокстан әлем чемпионатының кестесі жарияланды

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында 1-14 мамыр аралығында өтетін бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының кестесі жарияланды.

    30 сәуірде жеребе тарту (Астана уақыты бойынша сағат 17.00-18.00) және турнирдің салтанатты ашылу рәсімі (сағат 20.00-22.00) өтеді.

    1-10 мамыр аралығында алдын ала жекпе-жектер болады. Күндізгі сессия 14.00-де, кешкі сессия 19.00-де басталады.

    Жартылай финалдық кездесулер 12 мамырда өтеді (15.00-18.00, 19.00-22.30).

    13 және 14 мамырда финал болады (сағат 18.00-де).

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *