• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннистен жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды (ВИДЕО)

    Теннистен Қазақстан құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында Азия — Тынық мұхиты аймағы бойынша Шымкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінің финалына шығып, алғаш рет әлемдік додаға жолдама алды.

    Қазақстан теннисшілері әлемнің үздік командаларының бірі, «Билли Джин Кинг» кубогын бес рет жеңіп алған Австралия құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

    Командалардың бірінші кездесуінде Аринаоа Гогулина жасыл құрлықтың өкілі Анна Субасичті 7:5, 3:6, 7:5 есебімен жеңсе, Полина Слепцова Австралия жасағының лидері Тахлия Коккинистен 7:5, 6:4 есебімен басым түсті.

    Енді биыл күзде еліміздің жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет Juniors Billie Jean King әлем чемпионатына қатысады. Әлемдік додада 16 елдің өкілдері күш сынасады.

    Ертең Қазақстан құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында Азия — Тынық мұхиты аймағы бойынша Шымкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінің финалында Жапония мен Оңтүстік Корея арасындағы ойында жеңген командамен кездеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *