• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннистен Қазақстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының топтық кезеңіне шықты

    Осы күндері Қазақстан құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша Juniors Davis Cup әлем чемпионаты іріктеу турнирінің ширек финалында Австралия құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

    Австралия – 16 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатын 6 рет жеңген команда.

    Осы матчтың есебінен кейін 16 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының топтық кезеңіне шықты. Бір апта бұрын қыздар құрамасы әлем чемпионатына жолдама алған болатын.

    Жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг және Дэвис кубогының финалдық сайыстары күзде Испанияның Кордоба қаласында өтеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *