• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ауыр атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында тағы екі жүлде алды

    Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама сының қоржынына тағы екі жүлде түсті.

    Ерлер арасындағы 109 келіге дейінгі салмақта Артем Антропов күміс жүлдегер атанса (399 кг), тағы бір отандасымыз Аңдас Самарқанов (390 кг) үшінші орынға ие болды. Бұл салмақта алтын медальді Рио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Руслан Нурудинов жеңіп алды.

    Артем Антропов алғашқы жаттығудан кейін 172 келіні көтеріп, төртінші орында келе жатқан. Ал Аңдас бесінші орыннан көрінді (169 кг). Шешуші сайыс жұлқа көтеруде Антропов 227 кг тартатын тасты еңсерсе (екінші орын), Самарқанов та барын салып, 221 келіні ырқына көндіріп, үздік үштікті түйіндеді.

    Айта кетейік, бірнеше сағат бұрын бақ сынаған отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды. Осымен Қазақстан құрамасының еншісінде бір алтын, бір күміс пен үш қола медаль болды. Чинджудағы жүлде үшін үлестірілетін ұпайлар Париж Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік береді.

     

    Шамкен БАЙЫРБЕК,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *