• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дулат Бекбауов — бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері! (ВИДЕО)

    Өзбекстанның астанасы — Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 67 кг салмақтағы былғары қолғап шеберіміз Дулат Бекбауов күміс жүлдеге ие болды.

    Қазақ боксшысы өз салмағында Өзбекстанның спортшысы Асадхуджа Муйдинхуджиевпен күш сынасты. Осыған дейін қарсыластар өзара бір рет кездесіп, онда Дулат жеңген болатын.

    Бұл жолы алғашқы раундта қапталдағы төрешілердің шешімімен өзбекстандық боксшының соққылары дәлірек тиді – 5:0. Екінші раундта бес төрешінің төртеуі Асадхуджа Муйдинхуджиевке басымдық берді. Үшінші раундта Дулат Бекбауов алға ұмтылғанымен, тиісті ұпайлар жинай алмады. Қорытынды есеп – 5:0, өзбекстандық спортшының пайдасына шешілді.

    Бұған дейін Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанғанын хабарлаған болатынбыз.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *