• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокстан әлем чемпионаты: жүлдегер қазақ боксшыларының сыйақысы  белгілі болды

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды, деп хабарлады Tengri Sport.

    Әлем чемпиондары IBA-ның екі еселенген сыйақысын  — 200 000 доллардан алады.

    Сондай-ақ, Қазақстан бокс федерациясынан (ҚФС) жүлдегерлерімізге 100 000 доллардан беріледі.

    Қазақстан құрамасы боксшыларының әлем чемпионатынан кейінгі гонорарлары: 

    1. Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейінгі салмақта чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);
    2. Махмуд Сабырхан (54 келіге дейінгі салмақта чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);
    3. Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);
    4. Нұрбек Оралбай (80 келіге дейінгі салмақта чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);
    5. Дулат Бекбауов (67 келіге дейінгі салмақта вице-чемпион) – 100 мың доллар (шамамен 44,6 миллион теңге).

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *