• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы»: Тоқаев бокстан әлем чемпиондарын құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алған былғары қолғап шеберлерін құттықтады.

    Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы!,  – деп жазылған президенттің Twitter-дегі құттықтауында.

    Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен бокстан әлем чемпионатын 4 алтын, 1 күміс жүлдемен аяқтады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *