• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Асыланбек Шымбергенов – бокстан әлем чемпионы! (ВИДЕО)

    Ташкентте бүгін мәреге жетіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

    Біздің команда капитаны өзбек Саиджамшид Жафаровпен алтын медаль үшін шайқасты. Ол бірінші раундты 5:0 етіп өз пайдасына шеше білді. Келесі раундта есеп 4:1 болып шықты. Ал соңғы раундта осы басымдықты аттыра білді. Сөйтіп, қарсыласын 5:0 етіп тізе бүктірді.

    Чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегін 6 мамыр күні 1/16 финалдық кезеңде Тринидад және Тобаго өкілі Аарон Принспен өткізген Асланбек айқын басымдықпен жеңді.

    Ал 9 мамырда 1/8 финалда израильдік Мирослав Карулермен жұдырықтасып, оны үшінші раундта нокдаунға түсірді. Нәтижесінде 5:0 етіп ұтты.

    Мамырдың 10-ында ойналған ширек финалда Асланбек франциялық Макан Траорені 5:0 етіп ұтты. Ол ұрыстың бірінші және екінші раундтарында қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді.

    Бұдан кейін 12 мамырда өткен жартылай финалда үндістанды Нишант Девті үлкен тартыс үстінде сүріндірді.

    Кезекті алтын медаль құтты болсын, ағайын!

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *