• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Келесі шық». Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

    Бокстан WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) жеңгеннен кейін көпшілікке мәлімдеме жасады.

    Бүгін 12 раундқа есептелген кездесу 2-раунда аяқталған еді. Жәнібек қарсыласын екі рет нокдаунға, кейін нокаутқа жіберді. Осылайша, қазақстандық WBO чемпионы атағын екінші рет қорғап қалды.

    Чемпиондар мен супержұлдыздар, қайдасыңдар? Мен сендерге бара жатырмын. Жекпе-жекке шығайық. Мен орта салмақтың королімін! Келесі кім?!

    Кез келген күні шығамын, тіпті ертең шығамын десеңдер де әзірмін. Кез келген салмақтағы кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайынмын, — деді Жәнібек Әлімханұлы.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *