• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Әлем чемпионаты Қазақстанда болғандай»: Өзбекстанды қазақ жанкүйерлері  тәнті етті (ВИДЕО)

    Бокстан Ташкентте ересектер арасында өткен әлем чемпионатында Өзбекстан халқы Қазақстаннан боксшыларды қолдаған жанкүйерлерге тәнті болды.

    Нағыз бокс жанкүйерлері Қазақстаннан келді. Ал бізден боксты, негізінен, студенттер мен мемлекеттік қызметкерлер тамашалады. Қазақтар айғайлағанда біздікілер естілмей қалады. Әлем чемпионаты қай елде өтіп жатыр өзі?, — делінген  Instagram-дағы bugun_sport  парақшасы.

    Ташкентте 1-14 мамыр аралығында бокстан өткен әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы 4 алтын мен 1 күміс медаль алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Ал алаң иесі – Өзбекстан командасы 5 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль алды. Үшінші орынға 2 алтын, 4 қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы ие болды.

    Мұндай жетістікке еліміздің құрамасы 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатынан кейін екінші рет жетіп отыр. Сол кезде де бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов бастаған ұлттық құрама 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған болатын.

    Биылғы чемпионатқа әлем чемпионатына жер-жүзінің 104 елінен 13 салмақ дәрежесі бойынша 640 боксшы қатысты.

    Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, әлемдік жарыстың көніне екі еселенген мөлшерде сыйақы қойылды. Ол 5,2 млн АҚШ доллары болды. Чемпионатта алтын жүлдегерлер 200 мың доллар алса, күміс медаль иегеріне 100 мың доллар, қола жүлдегерге 50 мың доллар мөлшерінде қаржы тапсырылды.

    Енді 2025 жылы өтетін әлем чемпионатының жүлде қоры бұдан да екі есе болады деген дерек бар. Яғни, жүлде қоры 10 млн АҚШ доллары болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Sport Yangiliklari (@bugun_sport)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *