• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Криштиану Роналду голдан кейін сәжде жасады (ВИДЕО)

    Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының ойыншысы, португалиялық футболшы Криштиану Роналду «Әл-Шабаб» командасының қақпасына гол салғаннан кейін басын сәжде жасады.

    Ол гол салып, алаңның шетіне жүгіріп келіп»»Si-i-i-u-u-u!» деп айқайлап кері бұрылды да басын сәждеге қойды.

    Бұл матчта «Әл-Наср» клубы 0:2 есебімен жеңіліп тұрып, камбек жасады. 59-минутта Роналдудың голы командасына жеңіс әкелді. Оның алыстан тепкен добын қақпашысы қайтара алмады.

    Роналдудың сәжде жасағаны жергілікті жанкүйерлерді таңғалдырды. Сәждені мұсылмандар намаз оқығанда, құран бағыштап, Аллаға құлшылық еткенде жасайды. Ал футболшының бұл жасағаны мұсылман жұртшылығына құрмет болып көрінді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *