• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты

    Әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты.

    Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген тегі украиналық Марина Заневскаямен кортта кездесті. Теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен, Марина Заневская бұдан кейін қатарынан үш геймді алды. Есеп – 4:1. Одан кейін Юлия Путинцева да да қалыспай, есеп 3:5 болғанда қарсыласының сетті алуына мүмкіндік берген жоқ.

    Екінші сетте есеп 4:3 болған кезде қазақстандық теннисші өз геймін пайдалана алмады. Дегенмен тай-брейкте қырағылық танытты. Сөйтіп, ол қарсыласын 7:5, 7:6 (7:3) есебімен ұтты.

    Енді Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *