• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футболдан Қазақстан құрамасы алдағы матчтарға тізімін жариялады

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 16 маусымда Сан-Марино командасымен және 19 маусымда Солтүстік Ирландия құрамасымен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

    Жалпы тізімге 34 футболшы енді.

    Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен, Бекхан Шайзада (екеуі де – «Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

    Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (екеуі де – «Тобыл»), Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Абзал Бейсебеков (барлығы – «Астана»), Талғат Кусяпов («Каспий»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

    Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Тобыл»), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Мирас Тұрлыбек («Ақсу»), Еркін Тапалов («Қызылжар»);

    Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Абылайхан Жұмабек («Ақтөбе»), Айбар Жақсылықов («Ордабасы»), Артур Шушеначев, Вячеслав Швырев (екеуі де – «Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

    Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас жаттықтырушы, Евгений Коструб – бас жаттықтырушының көмекшісі, Руслан Балтиев – бас жаттықтырушының көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер.

    Оқу-жаттығу жиыны 8 маусымда Алматыда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

    Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді. 16 маусым күні елімізідң бас командасы Сан-Мариномен Италияның Парма қаласында кездеседі. Ойын «Эннио Тардини» стадионында Астана уақытымен 00.45-те басталады.

    Үш күннен кейін ұлттық құрама Солтүстік Ирландия командасымен ойнайды. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 00.45-ке жоспарланған. Матч Белфаст қаласындағы «Уиндзор Парк» стадионында болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *