• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты

    Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездесіп, оны бірінші партияда 6:3 есебімен ұтты. Екіншісінде қытайлық спортшы 6:4 есебімен есе қайтарды.

    Үшінші сетте Путинцева 6:2 есебімен ұтты.

    Енді Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенспен ойнайды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *