• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан ұлттық құрамасының нақты тізімі жарияланды

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 16 маусымда Сан-Мариномен және 19 маусымда Солтүстік Ирландия командаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Қорытынды тізімге 27 футболшы енді.

    Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

    Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин («Тобыл»), Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Абзал Бейсебеков (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»);

    Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»);

    Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Артур Шушеначев, Вячеслав Швырев (екеуі де – «Қайрат»);

    Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер.

    Оқу-жаттығу жиыны 8 маусымда Алматыда басталады.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді. 16 маусымда ұлттық құрама Сан-Мариномен Италияның Парма қаласында кездеседі. Ойын «Эннио Тардини» стадионында Астана уақытымен 00.45-те басталады.

    Үш күннен кейін еліміздің бас командасы Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Кездесудің басталуы Астана уақытымен сағат 00.45-ке жоспарланған. Матч Белфаст қаласындағы «Уиндзор Парк» стадионында болады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *