• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Грек-рим күресі: Марлан Мұқашев рейтингтік турнирде топ жарды

    Бүгін Қырғыз Республикасының астанасы — Бішкекте Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнир басталды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Ұлттық құрама спортшылары доданың алғашқы күні 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

    Грек-рим күресінен 55 кг дейінгі салмақта VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы Марлан Мұқашев финалда өзбекстандық Ихтиор Ботировты ұтып (4:2), жеңімпаз атанды.

    Осы салмақта қола медаль үшін таласта тағы бір отандасымыз Ерсін Абыйыр үндістандық балуаннан жеңілді. Ал Аманғали Бекболатов тағы бір өзбекстандық Жасурбек Ортикбоевтан айласын асырып, қола жүлдеге ие болды.

    Осыдан кейін Нұрсұлтан Базарбаев (60 кг) финалда өзбекстандық Исломжон Бахрамовтан ұтылып, турнирдің күміс жүлдесін қанағат тұтты. Ал Ернар Фидахметов қырғыз балуаны Балбай Дордоковты жеңіп, үшінші орынды иеленді.

    87 кг дейінгі салмақта Нұрсұлтан Тұрсынов қола медаль алды. Азамат Құстубаев түркиялық Әли Чингизге есе жіберді.

    Бұл турнир 4 маусымда аяқталады.

     

    Шамкен БАЙЫРБЕК,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *