• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Санжар Тәшкенбай әкесіне көлік сыйлады (ВИДЕО)

    Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әкесіне көлік алып берді.

    Ассалаумағалейкүм, қазақ елі!
    Аллаға шүкір кеше асқар тау әкешіме бала кезден армандап жүрген сыйлығымды сыйладым. Ең бірінші осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір
    Екінші ата-анамыздың арқасы, барлықтарыңызға жұғысты болсын!, — деді ол.

    Санжар Тәшкенбай 48 келі салмақта 1-14 мамыр аралығында Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өткен әлем чемпионатын жеңіп алған болатын. Ол финалда грузиялық Сахил Алахвердобимен қолғап түйістіріп, төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен қарсыласын жеңген. Осылайша, ол 19 жасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды.

    Әлем чемпионатынан оралғаннан кейін Санжар ұлттық құраманың басқа да боксшыларымен және жаттықтырушыларымен бірге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. Боксшы әлемдік додадағы жеңісі үшін Халықаралық бокс қауымдастығынан 200 мың доллар, Қазақстан бокс федерациясы тарапынан 100 мың доллар алды. Одан басқа Астана қаласының әкімдігі оған үш бөлмелі пәтердің кілтін тапсырса, жергілікті кәсіпкер Beles құрылыс компаниясының директоры Махат Төреәлі боксшыға бір бөлмелі пәтерді сыйлап, астына ат мінгізді. Кәсіпкер оның жеке жаттықтырушысы Нұржан Насановқа да астына сәйгүлік мінгізіп, құрмет көрсетті.

    Бұған дейін боксшы отбасымен бірге 20 жыл уақыт пәтер жалдап келген болатын. Ал оның әкесі Тәкен Тәшкенбай таксист болып жұмыс істеген еді. Санжардың анасы Халида Ұлыбаева әкесі сияқты баласының жетістігіне қуанып, барлық тараптан көрсетілген қолдауға алғысын білдірді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *