• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Abay CUP-та «Абай» мектебі топ жарды (ФОТО)

    Астанада 1 маусым – балаларды халықаралық қорғау күні шағын футболдан Abay CUP турнирі өтті.

    Елордадағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының қолдауымен өткен турнирге 2012-2013 жылы туған балалардан құралған алты команда қатысты. Бұл жолғы турнирдің ерекшілігі, арнайы челенжден басталды. Яғни, бір уақытта Астанадағы бірнеше мектепте дәл осындай турнир бастау алды. Сондай-ақ, қатысушы барлық командаға жүлделер мен медальдар үлестірілді.

    Жарыс айналмалы жүйеде өтті. Ережеге сай барлық команда бір-бірімен өзара кездесіп, жеңімпазды анықтады.

    Балаларымыздың дені сау болуы үшін спортпен айналысу керек екені белгілі. Сол мақсатта біз 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай футболдан қалалық турнир ұйымдастырып отырмыз. Бұл күн балалар үшін мейрам. Сол себепті де турнирге қатысқан балалардың барлығы жүлдеге ие болады. Мұндай жарыстар мектебімізде көптеп ұйымдастырылып келеді, – дейді мектеп директоры Айгүл Қашаева.

    Турнир қорытындысы бойынша екі топтан суырылып шыққан төрт команда жартылай финалда кездесіп, финалда қай команданың ойнайтынын анықтады. Нәтижесінде финалда Alash-2014 командасын 5:3 есебімен жеңген Namys командасынан жасақталған «Абай» мектебі жеңімпаз атанса, үшінші орынды «Бірліктен» 2:1 есебімен басым болған «Қазғарыш» мектебі түйіндеді.

    Бізге осындай турнирлер ұнайды. Себебі, бұл турнир жеңіске жетуімізге, чемпион болуымызға мотивация береді. Abay CUP турнирін ұйымдастырушыларға рахмет айтамын, – дейді «Абай» мектебінің оқушысы Заңғар Әбдікерім.

    Аталған турнирде жекелей командалардан бөлек, жекелей ойыншылардың да шеберлігі ескерілді. «Ең үздік қақпашы» аталымы – Ануар Жақанға (Namys), «Ең үздік қақпашы» – Жалғас Серікке (Alash), «Ең үздік қорғаушы» – Дархан Шакирге («Бірлік»), «Ең үздік шабуыл¬шы» – Әлихан Дәулетбекке («Қазғарыш»), «Ең үздік ойыншы» Мансұр Амангелдіге (Alash) бұйырды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    ФОТО: Әділбек ТӘУЕКЕЛОВ

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *