• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қазақстан шахматшылары мен әлем құрамасы арасындағы матч басталды

    Астанада шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы мен әлем құрамасының арасындағы матч басталды. Бұл туралы Qazsport хабарлады. Бұл матч 19 сәуірге дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығында рапид және блиц түрлері бойынша өтеді. Ұлттық команданы гроссмейстер Гүлмира Дәулетова, әлем құрамасын гроссмейстер Дана Рейзниеце-Озола бастап отыр. Әр команданың құрамында 8 адамнан бар. Шахмат тақтасында Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Меруерт Камалиденова, ...

    Read More »

    «Арландар» футбол клубы Португалияда жетістікке жетті (ФОТО, ВИДЕО)

    «Арландар» футбол клубы өз қаржылық есебінен Қазақстан футболын дамытуда өте көп инвестиция салды. Соның бірі — Португалия жобасы. Себебі, футболдың фундаменті балалар футболы болғандықтан, ал балалар футболында әлемдік үштікке кіретін Португалияның футбол академияларында Қазақстан балаларын дайындау керек болды. Былтыр «Арландар» футбол клубына талантты балалар жиналды 2022 жылы «Арландар» футбол клубы өз қаржылық есебінен Қазақстан бойынша футболдан іріктеулер жасап, талантты балаларды ...

    Read More »

    Маңғыстаулық спортшылар пара үстел теннисінен 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алды

    7-12 сәуір аралығында Павлодар қаласындағы «Жеңімпаз» спорт кешенінде пара үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты зақымдаған жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Оған Астана, Алматы қаласы мен Атырау, Жетісу, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облысынан он бір команда қатысып, 100-ден астам спортшы бақ сынап, үздіктер анықталды. Ел чемпионатына маңғыстаулық үш спортшы қатысып, жүлде алды. Жекелей жүйеде: 1 орын — Динара Тынымбай; ...

    Read More »

    Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутқа жіберді

    Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен бокс кешіндегі басты жекпе-жекте Мейірім Нұрсұлтанов пен жапониялық Кадзуто Такесако (15-0, 14 КО) шаршы алаңға шықты. Бұл жекпе-жекте қазақ боксшысы орта салмақтағы WBO International тұжырымы бойынша чемпиондық атақты сарапқа салды. Боксшылардың екеуі де бұған дейін рингте жеңіліп көрмеген еді. Мейірім жекпе-жекте басымдылығын көрсетіп, сегізінші раундта қарсыласын сұлатып түсірді. Осылайша, 12 раундқа есептелген жекпе-жек мерзімінен бұрын ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды (ФОТО)

    Астанадағы теннистен өткен Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Польша командаларының матчында еліміздің бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина қарсыласы әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетті ұтты. Кеше 2:0 есебімен алға шыққандықтан, Қазақстан құрамасына командалық әлем чемпионатына жолдама алу үшін енді бір ғана жеңіс жеткілікті еді. Бірінші партияда есеп 4:4 болған кезде  Рыбакина брейк жасап, сосын сетке доп бергенде, ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: Қазақстанның қос балуаны күміс медаль алды

    Астанада күрес түрлерінен аяқталған Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құраманың балуандары- Жүсіп Батырмырзаев пен Ризабек Айтмұхан финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс медальды қанағат тұтты. Әуелі Ризабек Айтмұхан (92 кг) жапон балуаны Араш Йошидамен күресіп, одан айласын асыра алмады. Содан кейін кезекті белдесу ауыр салмақтағы Жүсіп Батырмырзаевқа (125 келі) келіп ол да өкінішке қарай, Моңғолияның өкілі Лхавагерел Мунхтурдан жеңіліп қалды. Бұған дейін ...

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков — екі дүркін Азия чемпионы!

    Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков қатарынан екінші рет Азия чемпионы атанды. Ол былтыр Моңғолияның астанасы -Улан-Батор қаласында жалауы желбіреген құрлықтың чемпионатында алғаш рет алтын жүлдені жеңіп алған болатын. Енді міне, ол 86 келіге дейінгі салмаұта тағы та топ жарды. Азамат Дәулетбеков  Иран елінің өкілі, үш дүркін Азия чемпионы Алирез Каримимачианиді жеңді. Осылайша ол ...

    Read More »

    Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Қазақстан құрама командасының сапында еркін күрестен Азия чемпионатының финалына жолдама алған төрт балуанның арасында бірінші болып бозкілемге шыққан Дархан Есенғали 74 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Ол жапон балуаны Кирин Киношиттаны 7:1 есебімен жеңді. Бұған дейін Санжар Досжанов пен Болат Сақаев алтын медаль иегерлері атанған болатын. Енді кешкі сессияда тағы үш балуанымыз құрмет тұғырының ең биік сатысына шығу үшін ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан құрамасы Польшамен матчта алға шықты

    Астанадағы Ұлттық теннис орталығында теннистен Билли Джин Кинг кубогының (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Польша арасындағы матч болды. Кортқа алғашқы болып Қазақстаннан әлемнің 45-ракеткасы Юлия Путинцева мен Польша құрамасынан дүниежүзілік рейтингте 19-орында тұрған Магда Линетт шықты. Осыған дейін қарсыластар өзара жеті рет кездесіп, соның бесеуінде Магда Линетт жеңіске жеткен еді. Бірінші партияда поляк спортшысы 4:0 есебімен алға ...

    Read More »

    Азия чемпионатының соңғы күні 4 қазақ балуаны финалға шықты

    Бүгін Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құраманың төрт балуаны финалға шықты. Атап айтқанда, Дархан Есенғали (74 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Ризабек Айтмұхан (92 кг) мен Жүсіп Батырмұрзаев (125 кг) қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды. Ал Нұрболат Әбдуалиев (61 кг) жұбаныш белдесуіне қатысады. Ол жеңіп жатқан жағдайда қола жүлде үшін күреседі. Кеше еркін күрестен ұлттық ...

    Read More »