• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Олиимпиадаға 90 лицензияны алуға күш саламыз – Елсияр Қанағатов

    Туризм және спорт министрлігінде дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген алқа мәжілісі болып жатыр. Оған премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысуда, деп хабарлады ведомство. Жиынды ведомство басшысы Ермек Маржықпаев ашып, министрліктің былтыр атқарған жұмысы мен алдағы жоспары туралы айтып берді. Ол ел абыройын асқақтатар елеулі ...

    Read More »

    Рыбакина Доха турнирінде тағы да жеңіске жетті

    Теннисші Елена Рыбакина Катардың Доха қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл жарыста Рыбакина үшінші ракеткасы болып тіркеліп, үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 23-орында тұрған америкалық 22 жастағы спортшы Эмма Наварромен кездесті. Оның алдында ол қытай теннісшісі Чжу Линьді жеңіп, ¼ финалға жолдама алған болатын. Ал Наварромен ойында Рыбакина матчты жақсы бастап, бірінші партияда 5:0 есебімен алға шығып, ...

    Read More »

    Елена Рыбакина қытайша құттықтау айтты (ВИДЕО)

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина барша теннис жанкүйерін қытай тілінде Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Биылғы Жаңа жыл мерекесі Қытай Халық Республикасында 10 ақпанда келді. Ол 24 ақпанға дейін жалғасады. Менің аты-жөнім – Елена Рыбакина. Барша теннис жанкүйерін келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат және өмірде сәттілік тілеймін!, — деді ол. ...

    Read More »

    Магомед Адиев Қазақстан азаматтығына қатысты ойын айтты

    Футболдан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы, ресейлік маман Магомед Адиев әлі Қазақстан азаматтығын алатын ойы жоқ екенін ашып айтты. Ол Еуропа чемпионатына жолдама беретін матчтар аяқталған соң, Қазақстан футбол федерациясынан келісімшартты ұзарту туралы ұсыныс түспесе, өз Отаны – Ресейге қайтып кететінін жасырмады. Оның айтуынша, бар мәселе Қазақстан азаматтығын алуға тіреліп тұрған жоқ. Ол Қазақстанды Еуро-2024 турниріне шығарып, отандастарымызға үлкен сый ...

    Read More »

    Теннисші Жібек Құламбаева ITF турнирінің ширек финалына шықты

    Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Таиландта өтіп жатқан ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Құламбаева жарыста 4-ракетка болып тіркеліп, Таиландтың өкілі Ланлана Тарраудимен бірге алғашқы айналымда үнді Лил Десаи мен ресейлік Анастасия Сухотинаны жеңді. Матч екі сетке созылып, 6:1, 7:5 есебімен Құламбаева – Таррауди тандемінің пайдасына шешілді. Енді олар жартылай финалға шығу үшін тайбэйлік Я Син ...

    Read More »

    Маңғыстау облысының әкімі қалың ұйқыдағы өңір спортын оята ала ма?

    Маңғыстау облысында 31 мемлекеттік спорт мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 6 спорт клубы, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 олимпиадалық дайындық орталығы және 1 ұлттық спорт орталығы бар. Облыста 813 жаттықтырушы жұмыс істеп жатыр. Олардың тек 49%-ның жаттықтырушылық санаты бар. Былтыр VI мәрте өткен Қазақстан Спартикадасында 3 қала және 17 облыстан үміткерлер қатысқан жарыста ...

    Read More »

    Қазақ жаттықтырушылары ұлттық құрамаға неге кірмей келеді?

    Былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында дзюдодан еліміздің татами шеберлері 1 күміс, 4 қола медаль алып берді. Оның үш қола жүлдесін дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қален Қалиұлының шәкірттері Мағжан Шамшадин (60 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мен Нұрлыхан Шархан (100 кг) алған еді. Бірақ қызылордалық жаттықтырушының еңбегі бағаланбай келеді. Басшылар француздарды төрге шығарып, қазақ жаттықтырушылары Қален ...

    Read More »

    Олимпиадаға дайындық ойдағыдай – Диас Ахметшәріп (ФОТО)

    Биыл төрт жылда бір айналып келетін жазғы Олимпиялық ойындардың жалауы 33 рет көтеріледі. Бұл дүрмекті дода Францияның астанасы – Париж қаласында 26 шілде мен 11 тамыз аралығында болады. Төртжылдықтың басты додасына әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Париждегі додада 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазір Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында спорттың 8 түрінен Париж ...

    Read More »

    Жүз жастағы қария суға секіруден жүлде алды (ВИДЕО)

    Катардың Доха қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Иран елінің 100 жастағы Таги Асга Асгари деген қарт азаматы бір метр биіктен суға секіріп, арнайы жүлде алды. Бұл кісінің өзі де бұрын спортпен айналысқан екен. Ол соңғы рет 41 жасында Иранның суға секіруден өткен чемпионатына қатысып, алтын медальді жеңіп алған. Содан кейін спортпен қоштасып, ресми жарысқа қатыспаған. Осы жолы ...

    Read More »

    Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске түсіруге арналған  турнир өтеді

    11 мен 13 наурыз аралығында Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе жек сарайында КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер (U20) арасында халықаралық турнир өтеді. Оған әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері қатысып, 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Іс-шара Туризм және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері ...

    Read More »