• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Канвон-2024: Қазақстан қысқы Олимпиадада алғаш рет алтын жүлде алды (ФОТО)

    Оңтүстік Кореяда қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасы мәресіне жетті. 19-қаңтарда басталған Олимпиадаға 78 елден 1803 спортшы келді. Тунис пен БАӘ елінің спортшылары алғаш рет қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бақ сынады. Олар 7 спорт түрінен (15 бағдарламада) 81 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Ал Қазақстан намысын спорттың 5 түрінде (9 бағдарлама) 41 жасөспірім қорғады. Нәтижесінде ел спортшылары 1 алтын, 2 қола медальмен ...

    Read More »

    Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Аргентинаға аттанды

    3-4 ақпанда Аргентинаның Росарио қаласында теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы мен оыс елдің командасы арасында Дэвис кубогы жолындағы іріктеу матч болады, деп хабарлады  Telegram-дағы RRaketkasi. Командалар «Жокей Клуб де Росарио» топырақ төсенішіндегі кортта ойнайды. Қазір Қазақстан құрамасы Аргентинада матчқа дайындалып жатыр. Жаттығуға кірісіп кетті. Аргентинаға команданы Юрий Щукин бастап барды. Ол — команданың капитаны.  Құрамада Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко ...

    Read More »

    Канвон-2024: Олимпиаданың соңғы күні жарысқа шаңғышылар шықты

    Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясында қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасының соңғы жарыс күні болып жатыр. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ұлттық құрама спортшылары тек шаңғымен жарыста жүлдеге таласты. Командалық эстафетада (4×5 км) Берік Боранбаев, Әубәкір Тотанов, Милана Мамедова, Виолетта Митропольская квартеті 16-орыннан көрінді. Олар мәреге 58:57.4 секунд өткеннен кейін жетті. Мұнда Германия спортшылары үздік нәтиже көрсетіп ...

    Read More »

    Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

    Астанада Туризм және спорт министрлігі мен Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Чемпионат 1-5 ақпан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атандағы Жекпе-жек сарайында болады. Ел чемпионаты Олимпиялық ойындарға енгізілген күрес түрлерін танымал ету, оның беделін арттыру мен күрес түрлерінен ұлттық құраманы іріктеу мақсатында өткізіледі. Қазақстан чемпионатының жүлдесіне таласатын балуандар арасында ұлттық құрама үздіктері де бар. Атап ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасы Түркіменстанмен жолдастық матч өткізеді

     Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың Түрікменстан командасымен жолдастық кездесу өткізетіні туралы хабарлады. Ұлттық құрама 8 наурызда УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиямен өтетін ойын алдында Дубайда оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Ал 14 наурызда Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық ойын жоспарланып отыр. Еліміздің бас командасының Грекияға қарсы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің плей-офф матчы 21 наурызда Афина қаласында болады. Бұған дейін Қазақстан мен Түрікменстан ...

    Read More »

    Абат Айымбетов Түркияның клубына ауысуы мүмкін

    Түркияның ақпарат құралдарының  хабарлауынша, «Адана Демирспор» футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысын сатып алуы мүмкін. Telegram-дағы Sportqazaq арнасының мәліметіне қарағанда, футболшы бүгін түнде Түркияға жолға шықты. Ол Анадолы елінде медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа қол қоюы ықтимал. Түркияда қысқы трансфер кезеңі 9 ақпанда жабылады. Сондықтан еш қиындықсыз үлгеруге болады, — делінген хабарламада. «Ақтөбе» клубының басшылығы да Айымбетовті команда қатарында көргісі келеді. ...

    Read More »

    Ұлттық баспасөз күнін қалай атап өтеміз?

    Ертең, 2 ақпанда елімізде алғаш рет Ұлттық баспасөз күні аталып өтіледі. Ұлттық баспасөз күні туралы ұсынысты белгілі журналист, «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының және «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Төлен Тілеубай 2009 жылдан бері айтып келді. Ол 15 жыл бойы баспасөзде, әлеуметтік желілерде Ұлттық баспасөз күні туралы идеяны қоғамның есіне салып отырды. Газетке мақала, әлеуметтік желіге пост ...

    Read More »

    Дағыстанда белгілі аралас жекпе-жек шеберін атып кетті (ВИДЕО)

    Ресейдің Дағыстан Республикасында белгілі аралас жекпе-жек шебері Магомед Мутаев қаза тапты. Оны белгісіз адам Махачкала қаласының орталығында атып кетті. Қылмыскер іздестіріліп жатыр. Қолда бар мәліметке қарағанда, 18 жастағы Надырхан К. есімді адам болуы мүмкін. Ол Мутаевтан кек алу үшін өлтірген деген дерек бар. Магомед Мутаев 20 жаста болған. Спортшы Забиб Нурмағомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың қарамағында жаттығып, Fight Nights промоушенде жекпе-жекке ...

    Read More »

    Туберкулезге қарсы күрес – басты назарда

    АҚШ-тың халықаралық даму бойынша агенттігі (USAID) Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігімен, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығымен, медицина қызметкерлерімен, халықаралық донорлармен, қоғамдық көшбасшылармен және медицина өкілдерімен бірлесіп, «Орталық Азияда туберкулезді жою» (ETICA) Жобасының Қазақстандағы айтарлықтай жетістіктерін атап өту мақсатында маңызды іс-шара өткізді. Іс-шарада Қазақстанды және Орталық Азияның өңірлерін кең қамтыған туберкулезбен ауыру жағдайларын азайтуға ықпал еткен инновациялық тәсілдер, шұғыл емшаралар және инновациялық зерттеулер ...

    Read More »

    Әмір Омарханов рейтингте бірден 11 сатыға көтерілді

    Теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында ITF Juniors рейтингінде 16-орынға көтерілді. Бұл – елімізде спорттың осы түрімен айналысатын жасөспірімдер үшін ең үздік көрсеткіш. Қазақстанның жасөспірім теннисшілерінен ешкім әлемдік рейтингіде мұндай биікке көтерілген емес. Бұған дейін 16 жастағы спортшы ITF Juniors рейтингінде 27-орында болған еді. Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралияның ашық чемпионатының ширек финалында ойнап, рейтингін бірден жақсартып алды. Ол ерлер арасында ...

    Read More »