• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    «Семей» футзал клубы бразилиялық шабуылшымен келісімшарт жасасты

    «Семей» футзал клубы бразилиялық спортшы Лукас Матеус де Кампоспен келісімшарт жасады. Бразилияның азаматы клубта ойнайтын Оңтүстік Американың бесінші ойыншысы болады, деп хабарлады «Семей» футзал клубы. 21 жастағы шабуылшы бұған дейін «Чопинзиньо», «Эс Мадурейра» мен «Пинда» сияқты клубтарда ойнаған. Сондай-ақ, Лукас Матеус де Кампос 2019 жылы Кариока чемпионатында және BR кубогында доп тепкен. 2022 жылы Бразилия кубогының арнайы дивизионы атағын жеңіп ...

    Read More »

    Саудиялық клубтар тағы танымал футболшыларды сатып алуды жоспарлап отыр

    Сауд Арабиясының кәсіпқой футбол лигасы жазғы трансфер кезінде екі миллиард фунт жұмсауға дайындалып жатыр. Америкалық журналист Бен Джейкобстың айтуынша, Сауд Арабиясының кәсіпқой футбол клубтары жазғы трансфер кезінде әлемге әйгілі футболшыларды сатып алуды көздеп отыр. «Әл-Наср» мен «Әл-Хиләл» «Манчестер Сити» клубының ойыншысы Кевин Де Брюйнеге қызығушылық танытып жатқан сияқты. Ал «Әл-Иттихад» «Ливерпуль» командасының шабуылшысы Мохаммед Салахты өз қатарынан көргісі келеді екен. ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Әлем кубогына елімізден 15 мерген барады

    Нысана көздеуден еліміздің ұлттық құрамасы 24 қаңтар 1 ақпан аралығында Мысырдың астанасы — Каирде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Онда әлемнің 66 елінен 625 спортшы бақ сынайды. Бұл жарыста Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды. Олар винтовкамен нысананы көздеушілер — Константин Малиновский, Никита Шахторин, Юрий Юрков, Елизавета Безрукова, Арина Алтухова, Александра Ле. ...

    Read More »

    Ильяны жасына қарамай, жарысқа апардық — жаттықтырушы Олимпиададағы жеңіс туралы

    Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы Қайрат Биекенов Оңтүстік Кореның Канвон провинциясының Каннын қаласында өтіп жатқан қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғашқы алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхтың тарихи жеңісі туралы айтты. Olympic.kz-тің хабарлауынша, Олимпиада басталмай тұрып, Биекенов Илья Мизерныхтан үлкен үміт күтетінін, оның бас жүлдені жеңіп алуға мүмкіндігі көп екенін айтқан болатын. Білікті жаттықтырушының болжамы дәл келіп, жарыстың бірінші күні ...

    Read More »

    Әмір Омарханов Australian open турнирінде үшінші айналымға шықты (ВИДЕО)

    Теннистен жасөспірімдер арасында Аустралияда өтіп жатқан Australian open турнирінде Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты. Әуеле ол жарыста турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген италиялық Федерико Чинаны жеңіп, сенсация жасады. Одан кейін 16 жастағы теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен кездесіп, оны бірінші партияда 6:3 есебімен, екінші сетте тай-брейкте 7:6 (8:6) есебімен басым түсті. Ал үшінші партияда Омарханов 5:3 есебімен алға шықты. ...

    Read More »

    Боксшылар Иштван Бочкай турнирінде бес алтын жүлде алды

    Өткен аптада Қазақстан спортшылары Кореяның Канвон провинциясында басталған жасөспірімдер Олимпиадасынан бөлек, алты халықаралық турнирге қатысып, бәрінде жүлделе орындарды иеленіп қайтты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Мажарстанның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бочкай атындағы мемориал аяқталып, былғары қолғап шеберлер бес алтын медаль жеңіп алды. Бұл сында Асхат Жүсіпов (48 кг), Асылжан Серікбай (57 кг), Бeйбарыс Жексен (60 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 ...

    Read More »

    Канвон- 2024: Полина Омельчук – қола жүлдегер! (ВИДЕО)

    IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында шорт-тректен финалда бақ сынаған Полина Омельчук 3-орынға ие болды. 1.Ли Жинзи — 1:40.803 2.Янг Жингру — 1:40.996 3.Полина Омельчук — 1:41:600 Қазақстан құрамасының қоржынында екінші медаль бар! Шын жүректен Полинаны құттықтаймын! Алған бетіңнен қайтпа, сені әлі де биіктерден көретінімізге сенімдімін,- деді Ермек Маржықпаев. Осылайша, Олимпиаданың 2 күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 қола жүлде ...

    Read More »

    Канвон-2024: Илья Мизерных Олимпиада чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. 1.Илья Мизерных — 214 ұпай 2.Ники Хаммл — 210,7 ұпай 3.Лукаш Лукащук — 209,7 ұпай 30.Илья Шильников — 124,4 ұпай Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медаль құтты болсын, Қазақ елі! Бұл – жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тұңғыш ...

    Read More »

    IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы басталды (ВИДЕО)

    Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы ресми түрде басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Олимпиаданың ашылу салтанаты 8 мың адам сиятын Купол Ёнпон спорт кешенінде болды. Бұған дейін Купол Ёнпон сарайы 1999 жылы IV қысқы Азия ойындарының ашылу және жабылу рәсімдерін өткізген еді. Спортшыларды Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль мен ХОК басшысы Томас Бах құттықтады. Іс-шарада ...

    Read More »

    Түркі елдерінің жеңіл атлетика қауымдастығы құрылады

    Жеңіл атлетикадан халықаралық спорт ұйымдарының саны тағы бір ұйымға көбейеді. Бүгінде Түркия Республикасының бастамасымен Түркі мемлекеттері ұйымы аясында Түркі жеңіл атлетика қауымдастығын құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс сәтті аяқталса, жеңіл атлетикадан тағы бір халықаралық спорт ұйымы – Түркі мемлекеттерінің жеңіл атлетика қауымдастығы өз қызметін бастайды. Демек, жеңіл атлетикадан жарыстар мен чемпионаттар көбейіп, жастардың спорттың бұл түрімен айналысу аясы кеңейеді.   ...

    Read More »