• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Өскеменде белгілі спортшыны атып кетті (ВИДЕО)

    Өскеменде белгілі жекпе-жек шебері Эльер Юнусметовты көшеде көз жұмды. «Криминальный Казахстан» телеграм арнасының ақпаратына қарағанда, Эльер Юнусметовты үйінің жанында әйелінен қызғанған ер адам тапаншамен атып кеткен. Спортшы сол жерде көз жұмған. Эльер Юнусметов кикбоксинг, самбо, бокс, қоян-қолтық жекпе-жек, тай боксынан өткен аудан, облыс, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы болған. 13 қаңтарда күндіз Өскемен қаласында Қазақстан көшесінде орналасқан №98/2 үйдің жанында ...

    Read More »

    Түркияда көшпенділер ойындары талқыланды

    Түркияның Ыстанбұл қаласында еліміздің туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі дирекцияның жетекшісі Наиль Нұров Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанмен кездесіп, ұйымдастыру жұмыстарына қатысты мәселелерді талқылады. Туризм және спорт вице-министрі көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстары мен ақпараттық-насихат шараларының қызу жүріп жатқанын айтты, — деп хабарлады дирекция. Дирекция жетекшісі Наиль Нұров V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары Олимпиадаға аттанды (ВИДЕО)

    Астанада IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына спортшыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Төрт жылдықтың басты жарысы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Салтанатты іс-шараға туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, спорт ардагерлері, федерация басшылары мен мемлекеттік жаттықтырушылар қатысты. Іс-шарада жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу рәсімінде ...

    Read More »

    Аустралияда «Үлкен дулыға» турнирі басталды

    Бүгін Аустралияның Мельбурн қаласында жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионаты басталды. Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинаға жеребе жолдас болмай, алғашқы айналымда-ақ қиын қарсылас түсті, деп хабарлады RRaketkasi. Рыбакина 31 жастағы чехиялық теннисші  Каролина Плишковамен ойнайды. Бұл спортшы әлемдік рейтингіде 37-орында тұрғанымен, кезінде бірінші ракетка атанған аса тәжірибелі ойыншы. Чехия теннис мектебінің мықты екенін бүкіл әлем ...

    Read More »

    Астанада Олимпиадаға рейтингтік ұпай берілетін турнир өтеді

    Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam  турнирі өтеді . Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2024 жылғы спорт кестесіне сәйкес, Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024 жарысы Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстрылды. Турнир 10-12 мамыр күндеріне жоспарланып отыр. Бұл жарыс 2024 жылғы Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін соңғы Grand Slam жарысы болады. Grand Slam жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бірінші орын -үшін 1000 ұпай, ...

    Read More »

    Қазақстан нысана көздеуден Олимпиадаға тағы екі лицензия алды

    Нысана көздеуден 5-18 қаңтар аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында отандастарымыз екі жолдаманы иеленді. 50 метрлік қашықтықтан нысанаға винтовкамен ату сайысында Александра Ле 7-орынға тұрақтап, Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды. Бұл бағдарламада бұған дейін 2023 жылы Азия чемпионатында Арина Алтухова жолдама алған еді. Ал 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен сынға түскен Никита Чирюкин іріктеу кезеңінде 584 ұпай ...

    Read More »

    Ұлттық құрама мергендері тағы төрт жүлдені жеңіп алды

    Нысана көздеуден Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 4 медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда Арина Алтухова чемпион атанса (626,8 ұпай). Александра Ле қола жүлдегер атанды (618,4 ұпай). Тағы бір ұлттық құраманың спортшысы Елизавета Безрукова төртінші сатыдан көрінді (617,2). Нәтижесінде командалық сында ...

    Read More »

    Рақымжан Ерденбеков Кәсіпқой бокс федерациясының президенті болды (ФОТО)

    Рақымжан Ерденбеков Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі. Алматы қаласында Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының (ҚКБФ) 8-ші есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Іс-шарада бұған дейін федерацияны басқарған Виктор Демьяненко енді президенттің кеңесшісі қызметін атқаратын болып шешілді. Сондай-ақ, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті қызметіне Сурен Тоноян мен Данияр Жылқыбаев сайланды. Қазақстан кәсіпқой бокс федерация комиссиясының құрамы да ...

    Read More »

    Sagadat batyr спорт клубы 2023 жылды қорытындылады

    Даңқты батыр, Халық қаһарманы, соғыс ардагері Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 толуына орай алғашқы іс-шараны Sagadat batyr спорт клубы ұйымдастырды.  Джиу-джитсу және Грэпплинг бойынша жұмыс атқаратын спорт клубының негізін 2015 жылы Нұрсұлтан Жұмабайұлы Орынбасаров Алматы облысы, Іле ауданында қалаған. Аталмыш спорт клубы 8 жыл бойы жүзден аса чемпиондар шығарып, шәкірттері әлемдік додаларда топ жарды. Sagadat batyr спорт клубы үшін 2023 ...

    Read More »

    Спортшылар Олимпиадаға Астанадан аттанады

    15 қаңтарда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында IV қысқы жастар Олимпиадасына қатысатын спортшыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтеді. Салтанатты рәсімде шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан мен конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумековаға еліміздің мемлекеттік туы тапсырылып, спортшылар ант береді. Олар еліміздің көк байрағын Олимпиаданың ашылу салтанатында «Мемлекеттер шеруі» кезінде ұстап шығады. Спортшылар жарыстардағы үздік нәтижелері үшін ғана емес, халықаралық аренадағы жеңіске ...

    Read More »