• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Азияда Қазақстанның Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы үздік деп танылды

    Азия күрес федерациясы (UWW Azia) онлайн дауыс беру арқылы еліміздің Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясын Азиядағы үздік федерация деп таныды, деп хабарлады аталған ұйымның баспасөз қызметі. UWW-Asia атқару комитетінің мүшелері екі кезең бойынша өткен дауыс берудің нәтижесінде атақты балуан, қоғам қайраткері Дәулет Тұрлыханов басқаратын еліміздің Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясын осы мәртебелі атаққа лайық деп шешті. Онлайн дауыс ...

    Read More »

    Джеки Чан шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

    Әйгілі актер Джеки Чан шұғыл түрде Шанхайдың Лин Шан ауруханасына жеткізілді. Metaratings.ru порталының хабарлауынша, 69 жастағы актердің жағдайы өте қиын. Оған дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Бұл ақпарат әзірше расталмаған. Дегенмен Қытайдың әлеуметтік желісінде актердің денсаулығы туралы барлық мәлімет тез арада өшіріліп жатыр деген дерек бар. Джеки Чанның денсаулығына қатысты қандай да бір мәлімет жариялаған адамдардың аккаунттары бұғатталып жатыр, – деп ...

    Read More »

    Атақты боксшы Серік Нұрқазов табылды

    Алматы қаласының Медеу аудандық полиция басқармасы 1959 жылы туған әйгілі боксшы Серік Нұрқазовтың аман-есен табылғанын хабарлады. Бұдан бұрын хабарланғандай, із-түзсіз жоғалған азаматтың мекен-жайын анықтау үшін арнайы іздеу тобы құрылды. Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, атақты боксшы туыстарына тапсырылды. Еске салсақ, Серік Төкенұлының хабар-ошарсыз кеткені туралы «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының Instagram-дағы парақшасында жарияланған болатын.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Әріптестерімізді Сейдағаңның сыйлығымен құттықтаймыз!

    Бүгін Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жылдың үздік спортшылары, үздік жаттықтырушылары мен спортты қолдауда үлкен үлес қосып жүрген мамандарды марапаттауға арналған «Үздік» атты салтанатты іс-шара болды. Осы жиында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев бастаған спорт саласының басшылары мен Олимпиада чемпиондары әр аталымда жылдың үздігі атанған спортшылар мен жаттықтырушыларды, спорт ұйымдары мен облыстық және аудандық спорт басқармаларын марапаттады. Салтанатты іс-шарада ...

    Read More »

    Боксшы Махмұд Сабырхан жылдың үздік спортшысы атанды

    Астанада Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік» атты спортшыларды салтанатты марапаттау іс-шарасы өтті. Жыл сайынғы дәстүрлі іс-шарада ел абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар, спорт саласына елеулі үлес қосқан сала мамандары 18 аталым бойынша марапатталады, деп хабарлады ведомство. Салтанатты жиынға Парламенттің депутаттары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері және биылғы әлем чемпиондары мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ...

    Read More »

    Еуропа соты ФИФА мен УЕФА-ның шешіміне тыйым салды

    Еуропа соты ФИФА мен УЕФА-ның Суперлигаға салған тыйымын заңсыз деп тапты. Екі ұйым да Еуропаның бірнеше жетекші футбол клубтарына 2021 жылы жаңа турнир ұйымдастыруға тыйым салған болатын. Сот өз үкімінде ФИФА мен УЕФА салған тыйым Еуроодақтың монополияға қарсы заңнамасына қайшы келеді деген шешім шығарды. Өйткені, бұл екі футбол ұйымының Еуропадағы клубтар арасында жарыс өткізуге айрықша құқығы жоқ. Алайда, сот бұйрығында ...

    Read More »

    «Шавкат аяғымды аямады»: Томпсон Рахмоновпен жекпе-жек туралы айтты

    Жақында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмоновтан (18-0) жеңілген америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) жекпе-жектің қалай болғанын айтты. Бұл жекпе-жекте Рахмонов қылқындыру әдісімен қарсыласын уақытынан бұрын жеңген болатын. Томпсонның айтуынша, жекпе-жек өте тартысты болған. Алайда ол айқастың екінші раундта бітетінін ойламаған. Шынымды айтайын, екінші раундта Рахмонов жеңіп кетеді деп ойлаған жоқпын. Не дегенмен ол жеңді. Бәрі жақсы. Уайымдамаңыздар. ...

    Read More »

    Қазақстанның екі жас теннисшісі үздік шетелдік ойыншы атанды

    Еліміздің екі жас теннисшісі 14 жастағы Ева Корышева мен 16 жастағы Даниэль Тазабеков Tennis Europe сериясы бойынша 2023 жылдың үздік шетелдік ойыншысы атанды.  Олар Еуропа теннис қауымдастығынан (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік ойыншысы» (Еуропалық одақ елдерінен емес) сыйлығына ие болды. Е.Корышева биылғы жылды Ыстанбұл турниріндегі жеңісімен бастады. Содан кейін ол Бельгияда бірінші санаттағы жарыста үздік шықты. Ева Tennis Europe рейтингінде ...

    Read More »

    Атақты боксшы Серік Нұрқазов табылмай жатыр

    Атақты боксшы Серік Нұрқазовтың хабар-ошарсыз кеткені туралы мәлімет шықты.  Бұл туралы «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Серік Нұрқазов 1959 жылы 4 қазанда туған. 2023 жылы 14 желтоқсанда Луганский көшесінде орналасқан үйінен шығып, сол күйін үйіне қайтып келмеген. Ол сұр бас киім киген. Үстінде капюшоны бар көк күрте, ақ жемпір, қара джинсы болған. Серік Нұрқазовтың шашы ақ,  сақалы ...

    Read More »

    Бүгін жылдың үздік спортшылары марапатталады

    Бүгін Астанадағы  Президенттік орталықта 2023 жылдың қортындысы бойынша «Үздік» атты спортшыларды салтанатты жағдайда марапаттау іс-шарасы өтеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Рәсімде еліміздің абыройын асқақтатып, жеңістің тұғырынан көрінген спортшылар, спорт саласына елеулі үлес қосқан сала мамандары 16 түрлі «Үздік» номинациясы бойынша марапатталады. Құрметті қонақтардың қатарында Парламент Мәжілісінің депутаттары Дәулет Тұрлыханов пен Ардақ Назаров, спорт ардагерлері, белгілі жаттықтырушылар мен Олимпиада ...

    Read More »