• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Жазғы Олимпиялық ойындардың алауын жағылды

    Грекияда ежелгі Гера храмында жазғы Олимпиялық ойындардың алауын ресми түрде жағу рәсімі болды. Ежелгі Олимпияда Олимпиаданың алауы күн сәулесінен тұтанды. Грекияның белгілі актрисасы Мэри Мина Аполлонға дұға оқып, Зевстен чемпиондардың көп болуын тілеп, алауды салтанатты жағдайда ескек есуден Токио Олимпиадасының чемпионы Стефанос Дускоске тапсырды. Содан кейін алауды жүзуден 2004 жылғы Олимпиялық ойындардның чемпионы, франциялық Лор Маноду ұстайды. Үшінші кезеңді Еурокомиссия басшысының еуропалық ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды

    Түркістан қаласында сурдо дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде спортшылар ката және командалық бәсеке бойынша өзара мықтыны анықтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Сурдо дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста әлем чемпионы атанды. Ұлттық құрама спортшылары финалда Украина спортшыларын 2:1 есебімен жеңді. Ал жарыстың қола жүлдесіне Оңтүстік Корея құрамасы ие болды. Әйелдер арасындағы командалық жарыста Украина дзюдошылары қарсылас ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Нұрсұлтан Тұрсынов күміс жүлдегері атанды

    Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Қырғызстанның Бішкек қаласында аяқталған Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 87 келі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен сынға түскен Тұрсынов финалда ирандық Насер Гасем Ализадемен жеңіліп қалды. Өкінішке қарай, Нұрсұлтан Тұрсынов белдесуде бірде-бір ұпай ала алмады. Иран балуаны оны5:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Нұрсұлтан Тұрсынов пен Насер Гасем Ализаде 2023 жылғы ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Ибрагим Магомадов — қола медалист!

    Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Ибрагим Магомадов Қырғызстанда өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Olympic.kz.  77 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ибрагим Магомадов қола медаль үшін күресте Иран балуанынан 4:3 есебімен басым түсті. Магомадов турнирде әлем чемпионы, қырғызстандық Ақжол Махмұдовқа есе жіберген болатын. Бұл — 33 жастағы спортшының жаңа салмақтағы алғашқы жетістігі. Былтырғы Азия чемпионатында Ибрагим Магомадов ...

    Read More »

    Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен Азия чемпионы атағын жеңіп алды

    Күрес түрлерінен Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ұлттық құраманың грек-рим күресінен балуаны Ержет Жарлықасын алтын медальді жеңіп алды. Ол финалда (63 кг) 25 жастағы Жапонияның өкілі, XIX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Айата Сузукиді жеңді. Белдесу 6:6 есебімен аяқталған. Ұпай сапасы жағынан қазақ балуаны басым болды. Күндізгі сессияда Жарлықасын жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді 5:3 есебімен ...

    Read More »

    Айсулуу Тыныбекова тұңғыш рет алты дүркін Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Еркін күрестен Қырғыз Республикасы ұлттық құрама командасының өкілі Айсулуу Тыныбекова  Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, сары құрлық додасының алтын жүлдесін осымен алтыншы рет жеңіп алды. Сөйтіп, ол тұңғыш рет алты дүркін Азия чемпионы атанды. 14 сәуірде финалда 62 келіге дейнігі салмақ дәрежесінде күш сынасқан қырғыз балуаны жапон спортшысы Сакуро Мотокиді 9:6 ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан кубогы:  «Атырау» легионерсіз ойнау алмайтынын көрсетті

    13 сәуірде футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалдың ойындары басталып, екі екі күнге созылды. Турнирде Бірінші лигадан үш, Премьер лигадан он үш команда қатысып, бақ сынады. Осы маусымдағы Кубок ойындарының бір ерекшелігі, қарымта матч болмайды. Айта кету керек, елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты барлық клубтар «Күшіміз бірлікте» деген жазуы бар жейдемен алаңға шықты. Sportpress.kz сайты  Қазақстан кубогы үшін ойындарға шолу ...

    Read More »

    Ислам Байрамуков директор болып тағайындалды

    Белгілі спортшы Ислам Байрамуков Алматыдағы Республикалық спорт колледжінің директоры болды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығының негізінде Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжінің директоры лауазымына Ислам Ілиясұлы Байрамуков тағайындалды, — делінген хабарламада. Ислам Байрамуков – еркін күрестен Еңбек сіңірген спорт шебері және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. 1971 жылы Жамбыл ...

    Read More »

    Жағажай волейболдан ұлттық құрама Аустралиядан жеңілді

    Жағажай волейболдан Таиланд елінің Сонгкхла қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы Аустралиядан жеңілді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Турнирге 15 елден 100-ден астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Аустралиядан 0:2 есебімен есе жіберді. Халықаралық турнир 16 сәуір аяқталады.

    Read More »

    «Канело» еліміздегі су тасқынына қатты алаңдап отырғанын айтты

    Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес еліміздегі су тасқыны жағдайына қатты алаңдап отырғанын айтып, өз ойы мен ішкі сезімін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау мен Орал, біз сіздермен біргеміз, — деді ол алаңдаушылығын жасырмай. Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үш рет жекпе-жекке шығып, соның екеуінде төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Трилогияның алғашқы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары орта ...

    Read More »