• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Рыбакина қаламақысы көп ТОП-10 спортшының қатарына қосылды

    Sportico басылымы биылғы жылы ең көп қаламақы алған әйел спортшылар тізімін жариялады. Рейтингтің ТОП-10 тізіміне 7 теннисші қосылды. Олардың арасында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бар. Сhampionat.com-ның хабарлауынша, үш спортшыдан басқасының бәрі теннисшілер. 1.Кори Гауфф (АҚШ, 19 жаста) –  22,7 млн АҚШ доллары ( $ 6,7 млн жарыстардағы сыйақы). 2. Ига Щвёнтек (Польша, 22 жаста) – $ 21,9 млн ($ ...

    Read More »

    Қазақстан хоккейден әлем чемпионатына қатысады

    10-16 желтоқсан аралығында Мажарстанның Будапешт қаласында хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты болады. Бұл – IA дивизионы. Оған Сергей Старыгин жаттықтыратын Қазақстанның жастар құрамасы Австрия, Венгрия, Франция, Жапония мен Дания құрамаларымен ойнайды. Әдем чемпионатына қатысудағы мақсат – келесі жылы өтетін элиталық дивизионға жолдама алу. Қазақстан додаға 25 хоккейшіні апарады. Ал әлем чемпионатына 23 ойыншы (үшеуі қақпашы) тіркелуі керек. ...

    Read More »

    Биыл Шығыс Қазақстан облысына 280 мыңнан астам турист келді

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Алқалы жиынға өңір азаматтары, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, өңірлік спорт федерацияларының басшылары, туризм саласының кәсіпкерлері, спортшылар қатысты, деп хабарлады ведомство. Өңір тұрғындарымен кездесуде Ермек Маржықпаев министрліктің биылғы жұмысы, туризм және спорт саласында жүргізіліп жатқан реформалар және алдағы жоспарлары туралы баяндады. 2025 жылға дейін елімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ...

    Read More »

    Болат Өтемұратов Теннис федерациясының президенті болып қайта сайланды

    Астана қаласында Қазақстан теннис федерациясының жыл сайынғы конференциясы болып жатыр. Осы жиында конференцияның делегаттары мен федерация филиалдарының өкілдері Болат Өтемұратовты алдағы төрт жылға Қазақстан теннисі ұйымының басшысы етіп сайлады, деп хабарлады Теннис федерациясы. Болат Өтемұратов 2007 жылдан бері федерацияға жетекшілік етіп келеді. Бүгінде елде 48 қазіргі заман сай жасалған теннис орталықтары болса, ондағы 364 корттың басым бөлігі – жабық корттар. ...

    Read More »

    Футболдан Еуропа чемпионатында чипі бар доп қолданылады

    Келесі жылы Германияда футболдан өтетін Еуропа чемпионатында Adidas компаниясының жоғары технологиялық добы пайдаланылады, деп хабарлады uza.uz. Аладоп қолмен ойнауды анықтауға көмектесетін микрочиппен жабдықталады. Чип нақты уақытта футболшының денесінің үш өлшемді бейнесін жасау және доптың қай жерге тигенін анықтау үшін аяқ-қолды қадағалау технологиясымен жұмыс істейді. Жаңа жүйенің қалай жұмыс істейтінін көрген төрешілер оның дәлдігіне таңғалған. Сонымен бірге микрочип доптың қақпаға салынған ...

    Read More »

    «Нартәуекелдің» тұсауы кесілді

    Спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбектің әйгілі балуан, Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлықанов туралы жаңа кітабы шықты. Кітап туралы қаламгердің өзі былай деп жазды: Халқымыздың ардақты ұлы, әйгілі балуан, Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлықанов туралы жақында «Нартәуекел» атты кітабым жарық көрді. Кітаптың демеушісі — Қарағанды қаласындағы «Жеңіс» кәсіпқой дзюдо клубының Қамқоршылық кеңесі (Тимур Тұрсымбаев). Тимур бауырымызға спорт тілеулестері мен өз атымнан зор ...

    Read More »

    Жолбасшы Жүнісбаев

    Несағаңды мен 10 жасымнан бері біледі екенмін. 1985 – 1988 жылдары бастауыш класта оқып жүргенде біздің ауылдағы үйге газет-журналдар көп келетін. Менің атам – Омар Кенжалыұлы сол кезде ауылдың почтальоны болатын. Ол кісінің негізгі мамандығы зооветеринар болатын. Атамның өзі де аудандық газетке материал жазып тұратын. Ал әкем Жұмабек Омарұлы Кенжалин де журналист, публицист, қазіргі тілмен айтсақ медиаменеджер болды. 1980-жылдардың ортасында ...

    Read More »

    Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен аяқтады (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Ұлттар лигасы топтық турниріндегі соңғы ойынын өткізді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. «Астана Аренада» өткен матчта Қазақстан құрамасы Армения командасымен кездесті. Ойын есебін 40-минутта Юлия Мясникова ашты. Құрама капитаны айыпдобын дәл орындады. Екінші таймда Аида Гайстенова есепті еселей түсті. Артынша 58-минутта Юлия Мясникова дубль авторы атанды. Бұған Армения құрамасы бір голмен жауап қайтарды. 71-минутта Камила Құлмағамбетова ...

    Read More »

    Туризм және спорт министрлігі қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті

    Астанада туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен  қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиында туризм және спорт мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесін қалыптастыру, төрағасын сайлау, хатшыны тағайындау, ережені бекіту, төралқаны сайлау сияқты мәселелер қаралды, деп хабарлады ведомство. Кеңес құрамына салалық ұйымдардың басшылары, Парламент Сенатының депутаттары, спорт ардагерлері, Олимпиада және әлем чемпиондары, туристік қауымдастық өкілдері кірді. Ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің ...

    Read More »

    Кітап көрмесі – «көңіл көкжиегі». «Қасқырлар патшайымы» кітабы арнайы дипломға ие болды

    Алматыдағы «Атакент» кешенінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ұлы Жібек Жолымен-2023» атты халықаралық ХІ кітап және полиграфия көрмесі өз мәресіне жетті. Іс-шара аясында әртүрлі баспалар, компаниялар, университтер әртүрлі тақырыпта мерекелік кештерді өткізді. Үш күнге созылған іс-шарада Қазақстанның, Ресейдің, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Әзірбайжанның жетекші баспалары, полиграфиялық кәсіпорындары мен кітапханалары, сондай-ақ Алматыдағы Түркия, Қытай, Иран елдерінің өкілдері мен Мәдениет министрлігінің Баспа-полиграфия департаменті ...

    Read More »