• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: arshat

    Марсело «Қайрат» футзал клубын қолдады

    Әлем футболының жарық жұлдызы, мадридтік «Реал» мен Бразилия құрамасының ойыншысы сәуірдің 28 мен 30 күні Алматыда өтетін УЕФА Кубогының төрттік финалында «Қайратты» қолдайтынын білдіріп, видео үндеу жолдады. УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Баварияға» қарсы матчта үздік атанған футболшы «Реалдың» киім ауыстыру бөлмесінде видео жазған. «Сәлем! Менің атым Марсело. Сендерге айтайын дегенім, футзалдан УЕФА Кубогында мен «Қайратқа» жанкүйермін. Ал сен ше? ...

    Read More »

    Былтыр УЕФА 4,5 миллиард еуро пайда тапты

    Өткен жылғы ең табысты турнир Чемпиондар лигасы болды. Еуропа футбол одағы (УЕФА) өтен жылдың қорытындысы бойынша 4,58 миллиард еуро пайда тауыпты. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлайды. Жалпы табыстың 2,16 миллион еуросы телеарналарға сатылған құқықтардан түскен. 928 миллион – комменциялық құқықты сатудан, 286,5 миллион – билеттердің сатылымынан, 142,4 миллион түрлі қызметтерден. Ал алдыңғы жылы УЕФА-ның жалпы табысы 286,5 миллион еуро ...

    Read More »

    Спорт салғырттықты көтермейді

    Алматы облысында командалық спорттан елімізде ғана емес құрлықта қара үзіп жүретін «Жетісу» әйелдер волейболы командасы мен биылға дейін премьер-лигада ойнаған «Жетісу» футбол клубы артта қалған спорттық маусымды өте нашар аяқтады. Соңғы жылдары тұрақты түрде чемпион атанып жүрген волейболшы қыздарымыздың өздеріне деген сенімі тым жоғары болды ма, әлде жауапкершілікті жоғалтты ма, Ұлттық лигадағы чемпионат қорытындысында үшінші орынға әрең тұрақтады. Кейінгі кездері ...

    Read More »

    Футболшылардың айлығы 1000$-дан аспауы тиіс

    Елімізде футбол спорттан гөрі үлкен бизнеске айналып кетті. Басшылар үшін ақша айналдыратын құрал, ал футболшылар үшін бұл — жақсы жұмыс. Футболшылардың айлықтары ірі компаниялардың топ-менеджерлерінен де көп. Ал, нәтиже жоқ. Футболға қанша ақша салынса да №1 спорттан пайда жоқ екенін бәріміз көріп отырмыз. Футболды өз деңгейіне және негізгі сипатына, яғни спорт деңгейіне түсірсек ше? Футболшылардың орташа айлығы АҚШ долларымен есептегенде ...

    Read More »

    Қанат Ислам кімдерді тізе бүктіргісі келетінін айтты

    Ол бұл туралы worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында айтып берді. «Мен «Канелоны», Коттоны, Ларуды немесе Пакьяоны тізе бүктіргім келеді. Бұл — менің арманым емес, мақсатым. Бұл туралы бокстың барлық жанкүйері айтатын болады. Мен осы боксшылардың барлығын құрметтеймін. Себебі әлем бойынша мыңдаған боксшының ішінде чемпион атану оңай емес. Мен өз елімнің беделі үшін жұмыс істейтін адамдарды құрметтеймін. Ал жанкүйерлеріме айтатыным: сіздерді көп ...

    Read More »

    Велотректен 2018 жылғы əлем чемпионаты өтетін ел анықталды

    Бүгін велотректен 2018 жылғы əлем чемпионаты өтетін ел белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Халықаралық велоспорт одағынан ( UCI ) мәлім еткендей, келер жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын Голландия жеңіп алды. 2018 жылы велоспорттың трек түрінен əлем біріншілігі осы елдің Апелдорн қаласында өтеді. Жарысты 28 ақпан мен 4 наурыз аралығында өткізу жоспарланған. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/velotrekten-2018-zhylgy-lem-chempionaty-otetin-el-anyktaldy_a3018256

    Read More »

    Журналистердің доп додасы

    Жақында Астанадағы Əлкей Марғұлан атындағы № 40 қазақ орта мектебінде шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы қалалық филиалының кубогы үшін турнир өтті. Бұл жарысқа бұқаралық ақпарат құралдарының 8 командасы қатысты. Онда Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы Астана қалалық филиалының «Жеңіс», «Егемен Қазақстан» газеті, «Хабар» агенттігі, «Қазақ Радиосы», «ҚазМедиа», «Sport 59», Kazsport пен «Атамекен» бизнес телеарнасының клубтары күш сынасты. ...

    Read More »

    Қызылордада тоғызқұмалақтан ел чемпионаты басталды

    Қызылордада тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер арасында командалық чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап. Жарысқа Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан спортшылар қатысуда. Олардың ішінде 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 13 спорт шебері, 26 спорт шеберіне үміткер спортшылар шеберлік байқасуда. Ел чемпионаты айналым жүйесі бойынша өтуде. ...

    Read More »

    Алматыда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында қалалық сайыс өтеді

    21 сәуір күні «Алматы Арена» спорт сарайында тоғызқұмалақтан қалалық жасөспірімдер турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, турнирге қаланың үздік тоғызқұмалақшысы №157 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Әйгерім Әлімжан қатысады. Ойын тоғызқұмалақтың рапид түрінен, 7 турдан, швейцариялық жүйе бойынша, үш жас ерекшелігі: 10, 12, 14 жастан жоғары қыздар, ұлдар арасында өтеді. Турнир аясында «Алматы ...

    Read More »

    Қызылордалық волейболшылар — ел чемпионы

    12-19 сәуір аралығында Түркістан қаласында 1999 — 2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті. Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 16 команда, 200-ден аса спортшы қатысқан дүбірлі сайыста жерлестеріміз бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады. Қызылорда облысының құрама командасының жеңімпаз атануына сырдариялықтар Дәулет Кенжеғалиев, Дәулет Русланов, Азамат Ордабеков, Мұхамедәли Байтүгелов, Әлішер Өтешов, ...

    Read More »