• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: arshat

    Қазақстан әйелдер құрамасы өз тобында бірінші орын алды

    ​​​​​​​2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы ойынында Қазақстан әйелдер құрамасы Эстония футболшыларын ұтып, келесі айналымға жолдама алды. Грузияның астанасы Тбилисиде отандастарымыз қарсыластарын 1:0 есебімен ұтты. Ойында жалғыз голды Юлия Николаенко соқты. Ол матчтың 62-минутында мергендік танытты. Бұл нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы жеті ұпай жинап, өз тобында бірінші орынға ие болды. Бас бапкер Айтпай Жамантаевтың шәкірттері әлем чемпионатының негізгі іріктеу ...

    Read More »

    Футзалдан Қазақстан Еурододасының финалдық кезеңіне шықты

    Алматы қаласында өткен іріктеу турнирінің үшінші ойынында Қазақстан құрамасы Чехия құрамасын ірі есеппен ұтты. Матч 3:0 есебімен аяқталды. Бас бапкер Алесио шәкірттері кездесудің үшінші минутында есеп ашты. Гол авторы — Дуглас. Бірінші таймның соңына қарай Михаил Першин есепті еселей түсті. Кездесудің 38-минутында Дуглас екінші голын соғып, есепті қорытындылады. Осы нәтиженің арқасында Қазақстан құрамасы 9 ұпай иеленіп, өз тобынан бірінші орынмен ...

    Read More »

    Қазақстандық теннисшілер әлемдік топтың плей-офф кезеңіне шықты

    Бүгін, 8 сәуір күні Дэвис кубогының Азия және мұхит аймағы елдері арасындағы іріктеу сындарының екінші кезеңінің жұптық сайысы өтті. Бұл кезеңде  Андрей Голубев және Александр Недовесов  қытайлық теннисшілермен күш сынасты. Жұптық сайыс 3:6, 6:1, 5:7, 6:1, 6:3 есебімен отандастарымыздың пайдасына шешілді.

    Read More »