Monthly Archives: қыркүйек 2017

«Алматы туры – 2017» веложарысы елу елде көрсетіледі

Ертең, яғни 30 қыркүйек күні Алматы қаласында дәстүрлі халықаралық «Алматы туры – 2017» көпкүндік веложарысы басталады. Биыл айтулы жарыс қарқын алып, көпкүндік пішінде өтетін болды. «Алматы турына» әлемнің 17 мемлекетінен 20 команда қатысады. Қазақстан намысын әдеттегідей Astana Pro Team командасы қорғайды. Осыған дейін өткен төрт жарыстың бәрінде дәл осы елордалық ұжым жеңіске жеткен болатын. Бүгін айтулы жарысқа қатысатын командалардың таныстырылу ...

Read More »

Винокуров: «Болашақта «Алматы турының» кезеңдері көбеюі мүмкін»

«Алматы туры – 2017» веложарысында «Astana Pro Team» командасының екі капитаны болады. Олар Алексей Луценко мен Якоб Фульсанг. Бұл туралы қазақстандық команданың бас менеджері Александр Винокуров айтты, деп хабарлады vesti.kz. Мұнымен қатар, Олимпиада чемпионы лидерлердің дайындық күйін және мәресі Медеуде орналасқан кезеңнің кімге сай келетінін айтып берді. – Александр, биыл «Алматы туры» алғаш рет екі күн бойы өтеді. Бұл жайлы ...

Read More »

«Алматы туры – 2017» жарысына қатысушылар таныстырылды

Алматы қаласында «Алматы туры – 2017» Халықаралық кәсіпқой көпкүндік шоссе веложарысының бесінші, мерейтойлық нұсқасын өткізуге орай ресми баспасөз мәслихаты өтті. Биыл «Алматы туры» халықаралық жарысы мерейтойлығымен ғана емес форматымен де ерекшеленіп отыр. Велосипедшілердің Халықаралық Одағы (UCI) регламенті бойынша шосседегі көпкүндік веложарысы жаңа статусын алды. Баспасөз мәслихатында Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Әбіл Донбаев, Қазақстан велосипед спорт федерациясының ...

Read More »

«Астана» өз алаңында «Славиямен» тең түсті

Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі 2-турда «Астана» өз алаңында Чеxияның «Славия» командасын қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. Кездесудің 18-минутта қонақтар есеп ашып алға шықты. Айып добынан әуелей келген допқа Нгадеу-Нгаджуи бірінші болып жетіп, маңдайымен дәл соққы жасады. Бұл тұста қақпашы Ненад Эрич тосқауыл бола алмады. Жерлестеріміздің алғашында жоспары өрге жүрмегенмен, бірінші таймның соңына таман ойынды өз қолдарына алды. Матчтың 42-минутында Джуниор Кабананганың ...

Read More »

«Алматы туры – 2017» көшеге кедергі келтірмейді – Дархан Қалетаев

30 қыркүйек күні Алматы қаласында дәстүрлі халықаралық «Алматы туры – 2017» көпкүндік веложарысы басталады. Осыған орай Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев жарысқа енгізілген өзгерістер туралы айтып берді. Биыл айтулы жарыс қарқын алып, көпкүндік пішінде өтетін болды. «Биыл біз UCI ұйымы жобамыздың дәрежесін арттыру туралы сұранысымызға рұқсат берді. Осының арқасында «Алматы туры» алғаш рет екі кезеңге бөлініп өткізіледі. Көпкүндікті ұйымдастырудың ...

Read More »

Ярослав Щилхавы: «Ойында жаңа тактиканы қолданамыз»

«Славия» командасының бас бапкері Ярослав Щилхавы Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Астанаға» қарсы кездесу туралы өз ойын айтты. – «Астананың» ойыны жайлы қандай ойдасыз? – «Астанада» мықты ойыншылар жиналған. Оларда Еуропа футболында ойнаған тәжірибелі футболшылары бар. Біз «Селтикке» қарсы ойынды көріп шықтық. «Вильярреалға» қарсы кездесуді де талдадық. Жақсы ойын көрсетті. Бірнеше мүмкіндігі болды. – Сіз 4-5-1 сызбанұсқасын қолданғанды ұнатады деп естідік. ...

Read More »

Руслан Ротань: Астанада жасанды алаң қиындық келтіруі мүмкін

Біз матчтың қиын болатынын түсінеміз. Барынша дайындалып жатырмыз. Еуропа лигасы болғаннан кейін оңай қарсылас жоқ. Ертең бізді мықты қарсылас күтіп тұр. – Украина сапында Қазақстанға қарсы бірнеше рет ойнадыңыз. Осы уақыт аралығында Қазақстан футболы қаншалықты дамыды деп ойлайсыз? Немесе басқа пікірдесіз бе? – Бір ғана «Астананы» алайық. Соңғы жылдары еурокубоктық ойындарда жиі өнер көрсетіп жүр. Осыған қарап-ақ Қазақстан футболы дамып ...

Read More »

Постников: «Славияны» жеңу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз

«Астана» командасының қорғаушысы Евгений Постников Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі «Славия» командасына қарсы ойын алдында пікір білдірді. – Ертең жақсы ойын көрсетеміз деп ойлаймыз. «Славияның» деңгейін де жақсы білеміз, қанша дегенмен Еуропада өнер көрсетіп жүрген команда. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. – Осыған дейін еурокубоктық матчтарда кездескен командалардың ішінде «Славия» қайсысына ұқсайды деп ойлайсыз? – Шынымды айтсам, нақты бір командаға теңей ...

Read More »

Стойлов: Негізгі құрамдағы төрт ойыншымыз жарақат алып қалды

«Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов Еуропа лигасының топтық кезеңінде Чехияның «Славия» командасына қарсы кездесу алдында баспасөз конференциясын өткізді. – Біз Еуропа лигасының топтық кезеңінде өз алаңымыздағы алғашқы ойынымызды бастайын деп отырмыз. Бізді ауыр матч күтіп тұрғанын жақсы білеміз. Ұжымдағы жігіттер де бар жауапкершілікті сезініп отыр. «Таразға» қарсы ойын алдыда да, одан кейін де аздаған қиындықтарымыз пайда болды. Қазір бірнеше ...

Read More »

Азия ойындары қазақ күресін құшағына алды

Осыдан 10-20  жыл бұрын қазақ күресінің Азия ойындарына кіргелі жатыр десе ешкім сенбеген болар еді. Міне, Аллаға шүкір қазағымның ұлттық күресі Азиада бағдарламасынан ойып тұрып орын алып, Алаш жұртының сан жылдар бойы арман еткен тілеуі орындалып отыр. «Қазақ күресінің Азия ойындарында не бар? Одан не ұтады?», – дейтұғын жандар да ел ішінен табылып жатты. Жалпы айтқанда, қазақ күресі өз тарихында ...

Read More »