• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: желтоқсан 2017

    Қазақтың қарымды қаламгерінің хаты

    Бүгін Алматыдағы үйде әкемнің қағаздарын қарап отырып, жоғарыда суреті көрсетілген мына хатты көріп, оқырманмен бөлісуді жөн көрдім. Бұл хатты қазақтың әйгілі жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсірепов халқымыздың тағы бір арда ұлы, жазушы, ғалым, журналист Ақселеу Сейдімбекке жазған екен.  Ғабең хатты 1985 жылы сол кезде «Социалистік Қазақстан» газетінде қызмет етіп жүрген журналист інісіне жазған. Хатта атақты ғалымның ...

    Read More »

    Оралда үздік спорт клубқа құрмет көрсетілді

    Бүгін Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының бір топ үздік спортшылары мен ұстаздарын марапаттау салтанаты болып өтті. Атап айтар болсақ, 7 желтоқсан күні Алматыда өткен «Жыл үздіктері-2017» байқауында БҚО мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы еліміз бойынша ең үздік спорт клубы атанған болатын. Бірақ марапаттау салтанатына клуб өкілдері қатыса алмады. Сол себептен тағдырдың қатал сынына мойымай ағысқа қарсы жүзген қайсар жандардың ...

    Read More »

    Ақтөбеде мұғалімдер арасында зияткерлік ойындар өтті

    Ақтөбе қаласында өткен мұғалімдер арасындағы шахмат пен дойбыдан Қазақстан Кубогы бәсекесі мәресіне жетті. Еліміздің 7 облысынан келген ұстаздар шахмат пен дойбыдан ерлер мен әйелдер арасында әр жас ерекшелігі бойынша сынға түсіп, Қазақстан Кубогы иегелері мен жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды. Осы дүбірлі доданы ұйымдастыруға үлкен еңбек сіңірген №8 орта мектеп ұжымына (директоры Айсұлу Берікқызы Жақсыбаева) және аталған мектептің дене тәрбиесі пәні ...

    Read More »

    «Бір атаның балалары доп тебеді». Жанұялық жарыстың «желкесін үзген» Сауранбаевтар!

    «Спорт» газеттерінің осы ғасырдың алғашқы жылдарынан бері өткізіп келе жатқан «БІР АТАНЫҢ БАЛАЛАРЫ ФУТБОЛ ОЙНАЙДЫ» атты шағын футболдан жанұялық командалар арасындағы жарысы бар болатын. Өзім ойлап тапқан, қақысы өзімде ғана болған осы жарыс 20 жылға таяу уақытта жанұялық командалардың қуанышы болды десем артық емес. Бір атаның ұрпақтары бір командаға біріккен кезде туыстық сезім, бауырласу күшейіп, отбасының бірлігі арта түсетініне дау ...

    Read More »

    ҰОК президенті Тимур Сегізбаевтың қазасына байланысты көңіл айтты

    Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев атақты футболшы Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.             «Өз атымнан және Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың қайтыс болуына байланыста оның туған-туыстарына көңіл айтамын. Қазақстан спорты аты аңызға айналған адамнан айырылып отыр. Тимур Санжарұлы өз ісіне адал болудың үлгісі бола білген нағыз кәсіби маман еді. Оның Қазақстан ...

    Read More »

    Тимур Сегізбаев туралы толғам

    Қазақтың тұңғыш кәсіби футболшысы Тимур аға Сегізбаев өмірден озды.  Кеңес одағы чемпионатында кәсіби деңгейде мойындалған тұңғыш қазақ футболшысы, ХХ ғасырдың 60-жылдарында Алматының «Қайрат» командасының капитаны болған Тимур Сегізбаев туралы толғам. Қазақ жұртының футболға деген ықыласы өткен ғасырдың алпысыншы жылдары ерекше күшейді. Екінші жаһандық соғыстан енді-енді есін жиған қазақ ауылдары кеш түсе доп тепкен қара домалақтардың дуына бөленетін. Ол кезде қазіргідей доп ...

    Read More »

    Еңбегі ерен Жақсылық немесе осыдан үш ай бұрын жазылған мақала

    Биыл күзде боз кілем мен бизнесте абыройға бөленген Жақсылық Үшкемпіровты көп болып жұмылып, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ұсынсақ, деген ыңғайда мақала дайындап, Жақсылық ағаның өзіне хабарласқан едім. Аға болса: «қоя тұрайық, бір бұйырғаны болар», деп тоқтатқан еді. Кеше Еңбек Ерінің алтын жұлдызын өңіріне қадаған Үшкемпіровке қатысты сол жазбаны фейсбукке жариялағанды жөн көрдім. «Мемлекеттің туы екі жағдайда ғана арнайы көтеріледі. Ел ...

    Read More »

    Сіз нағыз Еңбек Ерісіз!

    Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жақсылық Үшкемпіров «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды, деген хабарды естігенде қуанбаған қазақ баласы кемде-кем шығар. Жақсылық ағамыз мұндай биік мәртебеге әбден лайық азамат! Кезінде грек-рим күресі бойынша қазақ палуандарынан бірінші болып Кеңес одағының және КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы, Олимпиада чемпионы атанған ағамыз сонау жетпісінші-сексенінші жылдары халқымыздың мәртебесін биіктетіп, намыс туын жоғары ұстап еді. Турасын айтқанда, ұлтымыздың ...

    Read More »

    Тимур Сегізбаев бақилық болды

    Қазақстан футболы тарихындағы үздік ойыншылардың бірі, «Қайраттың» көп жылғы капитаны Тимур Сегізбаев 76 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы. «Қазақстан спорты орны толмас қазаға ұшырады. Қазақстанның футбол федерациясы, ойыншылар, бапкерлер, ардагерлер және төрешілер корпусы, сонымен қатар еліміздің футбол қауымдастығы Тимур Санжарұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады» делінген хабарламада. Алматы футболының түлегі Тимур Сегізбаевтың бүкіл спорттық карьерасы «Қайратта» өтті. Ол ...

    Read More »

    Чемпион Жақсылық ер атанды

    Бүгін классикалық күрестен әлем, Олимпиада чемпионы Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» атағын алды! Бұл жоғары марапатты Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев тапсырды. Жақаңды алғаш құттықтаушылардың бірі мен болдым. Жасыратыны жоқ, Жақсылылықты осы атаққа ұсынып, баспасөзде кеңінен насихаттаған, сонау 2015 жылдан бастап, Ақордаға спортшылардың қолын қойғызып, хат ұйымдастырғандардың бірі де мен едім. Міне, ақыры арман орындалды! Ең бастысы,қазақ халқының,қазақ ұлтының тілегі қабыл ...

    Read More »