• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: сәуір 2018

    Арқалықта ауыр атлет Гайдар Саржановты еске алу турнирі басталды

    Арқалықта Қазақстанның ауыр атлетикадан алты дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері Гайдар Саржановты еске түсіруге арналған екінші республикалық турнир басталды. Оған еліміздің жер-жерінен ат терлетіп келген спортшылар қатысып жатыр. Бүгін жеңіл салмақтағы бозбалалар мен қыздар помостқа шықса, ертең ауыр салмақтағы жігіттер мен бойжеткендер жарысқа қатысады. Осы турнир басталмас бұрын «Достар» мейрамханасында «Қайыңды» ауылынан шыққан спорт шеберін еске алу Асы берілді. Аста ...

    Read More »

    Жеңімпаздар ұстаханасы

    Қазіргі жастардың бойынан ұлттық намысы бар, ана тілін құрметтейтін спортқа ынталы жастарды көре алуға бола ма? Ол үшін «ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің», -демекші, туған елінің намысы үшін отқа да суға да түсуге дайын батыл да батыр ұрпақты тәрбиелеудің бүгінгі күнде маңызы зор. Әрине, жасөпірімдердің болашағын мектеп қабырғасынан бастап ойлаудың маңызы ерекше деп санаймыз. Осы орайда, К.Ахметов атындағы Олимпиада ...

    Read More »

    Студент жастар Жолдауға қолдау білдірді

    «К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» студеттеріне 17-cәуір күні Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәріс оқылды. Дәріс еліміз дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін қабылданған жоспарлар мен атқарылған істерді қысқаша шолудан басталып, жеткен жетістіктер мақтанышпен айтылды. Колледж студенттері «спорт жаттықтырушысы-оқытушы» біліктілігін алып шығатындықтан, білім саласына енгізіліп жатқан өзгерістерге баса назар аударып, ...

    Read More »

    Жетісайда қазақ күресінен жарыс жалауын желбіретті

    Көктемнің жаймашуақ сәуір айында еліміздің әр өңірінде спорт сайыстары да дүбірін бастайтыны белгілі. Міне, ел спортында самбо, қазақ күресі секілді жекпе-жектің дамуына зор үлесін қосқан, ардагер палуан, ардақты азамат Бақытжан Жаңбырбаевтың халықаралық жарысы 24 рет жалауын көтерді. Елімізге белгілі көптеген марқасқа палуандардың шоғыры шыққан бұл турнирдің төл күресімізді дамытудағы алар орны ерекше. «Сәуір болмай тәуір болмас» демекші, көктемнің екінші айында ...

    Read More »

    Біртуар Біржан

    «Елімізде ұлттық спорттың өрісі кеңейді» деп кеуде кере айтып жүрміз. Расында да солай ғой. Мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөлінді. Әсіресе, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, бәйге, жамбы атудың бәсекелері тіпті көбейді. Бірнеше мәрте халықаралық жарыс ұйымдастырылды. Ілгеріде той-томалақта ғана тамашаланатын ұлттық спортымыз енді елішілік чемпионат деңгейінде, күнтізбелік жоспармен тұрақты түрде өте бастады. Оның өзі кешелі-бүгін емес. Мысалы, 2017 жылы көкпар мен аударыспақтан ...

    Read More »

    Біздің Гайдар

    Сайтымыз бүгіннен бастап «Сайыпқыран» деген айдар ашып отыр. Ондағы мақсатымыз оқырманды ең атақты, таңдаулы спортшылармен таныстыру. Бүгінгі мақала Қазақстанның зіл көтеруден алты дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері, Торғайдың төл перзенті Гайдар Саржановқа арналады. Бұл материалды белгілі ақын, журналист Әбжан Әбілтай жазып отыр. Ол тау-тасты бір деммен қопарып, ерекше талантымен дараланған жерлесі туралы дүниесін осыдан біраз жыл бұрын облыстық «Торғай таңы» ...

    Read More »

    Төкеев тұғыры

    Қазақ күресінің әлемдік деңгейде насихатталып, қанат жаюы үшін жан аямай тер төгіп жүрген Серік Төкеев туралы толғам. Қазір спорттан хабары бар мыңдаған адам қазақ күресі десе, Серік Төкеевті ауызға алады. Халқымыздың ардақты азаматы, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров: «Серік Төкеевтің көп жылғы жанкешті еңбегінің арқасында қазақ күресі дүние жүзіне таныла бастады. Ұлттық спортымыздың жанашыры Серік Адамболсынұлының қазақ күресіне ...

    Read More »

    Тарбағатайда Толағайлар төс түйістіреді

    15-17 маусым күндері Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат кеңшарында қазақ күресінен ересектер арасында Ырғызбай Досханаұлы атындағы Әлемдік Гран-при жарысы өтеді. Бүгін Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы осы жарыстың ережесін жариялады. Аталған ұйымның бірінші вице-президенті Серік Төкеевтің ...

    Read More »

    Мырзағали Айтжанов — шойын жұдырықты жаттықтырушы

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың кезінде шаршы алаңда ел намысын қорғап, дүрмекті додаларда еліміздің жалауын биікке көтерткен атақты былғары қолғап шебері болғанын білеміз. Жақында біз, www.sportpress.kz сайтының редакциясы Мырзекеңнің 1990-жылдардағы жекпе-жектерін қарап отырып, ықшамдалып түсірілген мына видеоны жариялауды жөн көрдік. Бұл бейнежазбада Мырзағали Айтжановтың рингте намысты қолдан бермейтін нокаутер боксшы болғанын, қарсыластарын бірінен соң бірін сұлатып, ...

    Read More »