• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: маусым 2018

    Ұлттық Олимпиада комитеті street workout алаңқайларын ашып жатыр

    Өскемен қаласында street workout алаңқайы ашылды. Street workout –көше мәдениетін дамытудағы ең танымал бағыттардың бірі. Бүгінде ол елімізде ҰОК жобасының арқасында халық ең көп қатысатын спорт түріне айналды. ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен 2016 жылдан бері еліміздің әр аймағында 50-ден аса мамандандырылған спорттық алаңқайлар ашылды. Бұл алаңғайлардың көбісін Тимур Асқарұлы өз қалтасынан ақша шығарып салды. Қазір Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, ...

    Read More »

    Қарт құрлықты қызықтырған қазақ күресі

    Қазақ күресінен Сербияның Зренянин қаласында өткен IV Еуропа чемпионатында кәрі құрлықтың 17 елінен келген палуандар үш күн бойы жеңіс  үшін жан аямай тартысқа түсті. Әсіресе, Болгария, Словения және Сербия мемлекеттерінің спортшылары таңғалдырды. Олар үш күн, үш түн жиылмай керіліп жатқан кілемнің шаңын қағып, қазақ күресінің қыры мен сырын жақсы үйреніп алғандарын көрсетті. Аламан жарыстың басталар күні төрешілермен семинар-кеңес болып өтті. ...

    Read More »

    Спорт конфедерациясына жаңа бас директор тағайындалды

    Елдос Рамазанов Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының бас директоры болды. Ол мамыр айында Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры болып тағайындалған Нұрлан Нөгербектің орнына келді. Осы жылдың басынан бері Е. Рамазанов Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы басшысының кеңесшісі қызметін атқарған болатын. –Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы бірнеше жылдан бері еліміздегі спортты басқару ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: Астанада ұлттық ойындарымыз ұлықталды

    Екі күн бойы Астанадағы «Қазанат» атшабарын дүбірге бөлеген Теңге ілуден ІІ Азия чемпионаты, Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаты аяқталды. Теңге ілуден де, Аударыспақтан да алтын жүлделерді Қазақ Елінің спортшылары жеңіп алды. Ал, Теңге ілуден Қырғызстан командасының өкілі қола жүлде иеленсе, Аударыспақтың бес салмағы бойынша  Қытай, Моңғолия, Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан балуандары бірнеше күміс, қола жүлделерді жеңіп алды. Балуандар 250 мың (қола ...

    Read More »

    Қазақ күресі: ерлер арасындағы Еуропа чемпиондары анықталды

    Қазақ күресінен Сербияның Зренянин қаласында өтіп жатқан Еуропа чемпионатының ерлер арасындағы алғашқы күнгі белдесулері тартысқа толы болып, топжарған палуандардың жаңа есімдері анықталды. Кәрі құрлықтың 17 елінен келіп жеткен палуандар намысты қолдан бермей жеңіс  үшін жан аямады. Әсіресе, жергілікті Сербия командасының палуандарының төл күресімізді  ерекше меңгеріп алғандығы таңғалдырды. Сонымен қатар, Ресей мен Словакия  мемлекеттерінің палуандарының да өнеріне қол соғуға тұрарлықтай болды. ...

    Read More »

    Теңге ілу мен Аударыспақтан Азия чемпионаттары басталды

    Бүгін Астанадағы «Қазанат»  атшабарында 1-2 маусым күндері өтетін Теңге ілуден ІІ Азия және Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаттары басталды.  Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген Азия чемпионаттарында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан, Қытай,  Түркия мемлекеттерінің  алпысқа жуық спортшылары бақ сынады. Теңге ілуден ІІ Азия чемпионатында оңтүстіктің оғланы Мағжан ...

    Read More »

    Астанада Азия чемпионатының жалауы желбіреді

    Астанаға Аударыспақ және Теңге ілуден Азия чемпионатына қатысатын спортшыларымыз бен бапкерлер келді. Біз орайы келгенде, Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамаевтан  және аға бапкерлер Жанбатыр Бекмұсаевтан, Нүркен Байбөриевтен  жарысқа даярлық барысы және чемпионатқа қатысатын спортшыларымыз туралы пікірлерін айтып берулерін өтінген едік. Назарларыңызға бапкерлерден естіген  сол пікірлерді қаз-қалпында ұсынуды жөн көрдік.  Ұлттық құрама команданың бас бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген ...

    Read More »

    Қазақ күресі: Еуропа төрешілері ережеге екпін түсірді

    Сербияның Зренянин қаласында қазақ күресінен  IV Еуропа чемпионаты басталар күннің алдында төрешілермен семинар-кеңес болып өтті. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастырумен өткелі отырған бұл аламан жарысқа  17 елден командалар келіп қатысуға ниет білдірді. Еуропа чемпионатында ерлер мен әйелдер  6 салмақ дәрежелері бойынша  төл күресімізден сынға түсетін болады. Бүгінгі күні Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының өрелі еңбегінің нәтижесінде әлемнің 5 құрлығында 30 астам ...

    Read More »