• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 01.06.2018

    Теңге ілу мен Аударыспақтан Азия чемпионаттары басталды

    Бүгін Астанадағы «Қазанат»  атшабарында 1-2 маусым күндері өтетін Теңге ілуден ІІ Азия және Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаттары басталды.  Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген Азия чемпионаттарында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан, Қытай,  Түркия мемлекеттерінің  алпысқа жуық спортшылары бақ сынады. Теңге ілуден ІІ Азия чемпионатында оңтүстіктің оғланы Мағжан ...

    Read More »

    Астанада Азия чемпионатының жалауы желбіреді

    Астанаға Аударыспақ және Теңге ілуден Азия чемпионатына қатысатын спортшыларымыз бен бапкерлер келді. Біз орайы келгенде, Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамаевтан  және аға бапкерлер Жанбатыр Бекмұсаевтан, Нүркен Байбөриевтен  жарысқа даярлық барысы және чемпионатқа қатысатын спортшыларымыз туралы пікірлерін айтып берулерін өтінген едік. Назарларыңызға бапкерлерден естіген  сол пікірлерді қаз-қалпында ұсынуды жөн көрдік.  Ұлттық құрама команданың бас бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген ...

    Read More »

    Қазақ күресі: Еуропа төрешілері ережеге екпін түсірді

    Сербияның Зренянин қаласында қазақ күресінен  IV Еуропа чемпионаты басталар күннің алдында төрешілермен семинар-кеңес болып өтті. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастырумен өткелі отырған бұл аламан жарысқа  17 елден командалар келіп қатысуға ниет білдірді. Еуропа чемпионатында ерлер мен әйелдер  6 салмақ дәрежелері бойынша  төл күресімізден сынға түсетін болады. Бүгінгі күні Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының өрелі еңбегінің нәтижесінде әлемнің 5 құрлығында 30 астам ...

    Read More »