• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: желтоқсан 2018

    Көкбастауда көкке қырандар самғады

    Көкбастау ипподромында «Саятшылық» ұлттық спорт түрлерінен «Сонар – 2018» халықаралық жарысы өтті. Бірнеше облыстан бүркіт, қаршыға, ителгілерін ала келген құсбегілер құс салудан бәсекеге түсті. Жарысқа Италия, Испания, Венгрия, Ресей, Моңғолиядан да осы өнерге ден қойғандар қатысты. Бұл дәстүрлі жарыс түрі негізінен Еңбекшіқазақ ауданында өтіп келсе, биыл ақындар мен батырлар елінде ұйымдастырылды. «Қансонарда бүркітші шығады аңға, тастан түлкі табылар аңдығанға», деп ...

    Read More »

    Ғылым мен спортты қатар алып жүрген азамат

    Белгілі педагог-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Бауыржан Сәбитұлы Иманғалиев Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. Бұл ғылыми атақ академияның жалпы жиналысында көпшілік дауысқа салу арқылы берілді. Айта кетерлігі, мұндай атақ ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесі бар білім, ғылым, мәдениет саласының көрнекті өкілдеріне ғана беріледі. Бауыржан Сәбитұлына мүшелік диплом ...

    Read More »

    Астанада спорт журналистерінің басшысы сайланады

    Астана қаласында 8 желтоқсан күні Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығының кезектен тыс конференциясы өтеді. Жиында ұйымның басшысы сайланып, жаңа құрамы өзгертіліп, алдағы мақсат-міндеттер мен жоспарлар талқыланады. Конференция Мәскеу көшесі, 33 А мекен-жайында орналасқан Qazsport телеарнасының ғимаратында болады. Дастан КЕНЖАЛИН

    Read More »

    Қазақ таэквондошылары алты жүлде алды

    29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Беларусьтің астанасы Минск қаласында таэквондоның ITF тұжырымы бойынша өткен Әлем Кубогына Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Семей спорт академиясының шәкірттері де қатысты. Осы жарыста туль дан семейлік қос мықты Дамир Советхан Әлем Кубогында 2 алтын, Аңсар Төкенов 1 алтын жүлдені қоржынға салды. Ал 14 – 15 жас аралығында сынға түскен Темірлан Қадыржанов 60 кило салмақта ...

    Read More »