• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қаңтар 2019

    Салбурын – 2019: Ақсудағы аңшылар аламаны

    «Ахау, жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы, Жігіттің бұған құмар өнерпазы», – деп ән орындала қалса, делебең қозып, сонау бағзы заманның сал-серілері көз алдыңа келіп, шіркін, біздің саятшылар осылай күй кешкен екен ғой деп тамсанасың. Расында да, тамаша емес пе? Кешқұрым бес қаруын асынып, қолындағы қыранмен, жетегіне ерткен тазысымен, саятшылықтан алған олжасын қанжығасынан шешіп, киіз үйдің босағасына байлап, аңшылықтан оралып жатқан ...

    Read More »

    Ер аға

    Ер ағаның есімін бала кезден бері білемін. Ал ол кісімен жүзбе-жүз көрісіп, жақын танысқан кезім – 2004 жылдың сәуір айы болатын. Сол жылы «Астана ақшамы» газетінен «Егемен Қазақстан» басылымына ауысып, жұмысымды 100 жылдық тарихы бар қазақ баспасөзінің қара шаңырағында жалғастырған едім. «Егеменге» барғанда әкем Жұмабек Омарұлы Кенжалин: «Жақсы жерге бардың. «Егемен» – ел газеті. Ал Ержұман Смайыл – қазақ журналистикасының ...

    Read More »

    Семейде самбодан ел чемпионатына жолдама берілді

    Семей қаласында самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында, жауынгерлік самбо күресінен ерлер арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі. Шығыс өңірінде самбо күресінен өтетін жарыстардың негізгі ұйымдастырушылары – Семей қаласы бойынша №1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадаға резервті дайындайтын мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі (Семей спорт академиясы) мен Шығыс Қазақстан облыстық «Спорттық және жауынгерлік ...

    Read More »

    Семейде таэквондо шеберлері жылды қорытындылады

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен биылғы жыл «Жастар жылы» болып жарияланғаны белгілі. Семей қаласында «Жастар жылы» аясында ауқымды деңгейдегі іс-шаралар өткізу жоспарлануда. «Жастар жылы» аясында Шығыс Қазақстан облысының Таэквондо федерациясы өткен жылды қорытындылады. Жыл жетістіктерін жіпке тізген жиын салтанатты жағдайда өтіп, үздік спортшылар мен үздік жаттықтырушылар марапатталды. Өңір таэквондошыларының басқосуына Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова қатысты. Қазақ топырағы шығыс ...

    Read More »

    Құт қонған Қордай жері

    Кең байтақ Қазақ елінің әрбір жері қасиетті мекен. Қазақтың сайын даласында еліміздің осындай қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманда өмір сүріп жатқандығы, қазақтың  кең пейіліне қарай Алла тағаланың беріп отырған сыйы ма  деп ойлаймын. «Тасы да алтын Қордайдың, тауы да алтын. Басы да алтын Қордайдың, бауыры да алтын» – деп кезінде қырғыз-қазаққа аты мәшһүр, ақын композитор Кенен Әзірбаев атамыз жырлағандай, ...

    Read More »

    Әріптесімізге көңіл айтамыз

    Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы мен sportpress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайты редакциясының ұжымы әріптесіміз, белгілі спорт журналисі Нұрғазы Сасаевқа және оның туған-туыстары мен жақындарына бауырлары Нұрдәулет Жаппарұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қазаға ортақтасып, көңіл айтады.  

    Read More »

    Қазақ спорты баспасөзінің қарашаңырағы

    Биыл «Спорт» газетіне 60 жыл толып отыр. Бұл басылым 1959 жылдың 1 қаң­тарынан жарық көре бастаған кезден бері талай қазақ баласының спортқа деген қызы­ғушылығын оятып, тәрбиелеп шығарған. Мұны әлі күнге дейін жасы 80-нен асқан ақсақалдарымыз айтып отырады. «Осы газетпен талай балаларымыз, жастарымыз тыныстап өсті», деп сағынышпен еске алады. Иә, аталарымыз рас айтады. «Спорт» – қазақ баспасөзінің тари­хында қазақ және орыс ...

    Read More »

    Атырау облысында спортты өрге сүйрегендер марапатталды

    Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өткен жылды қорытындылап, жаңа жылға жоспар түзген келелі кеңес, алқалы мәжіліс өткізіп, облыстың спортын өрге тартып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады. Спортшылар балына жиналған көпшілік алдында өңір басшысы  Атырау өлкесінде спорттың дамуына серпін беріп, қолдау көрсетіп, демеушілік танытып жүрген атымтай-жомарт азаматтарға алғысын білдіріп, халық атынан арнайы төсбелгілермен марапаттады. Бұқаралық спорттың өрісі кеңуіне, шалғайдағы ауыл, аудандарда спорт ...

    Read More »