• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: сәуір 2019

    Елеусіз қалмас еңбектер

    Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің ішіндегі одағай түрі, ежелден тарам-тарам ұрпақ арқылы жалғасып келе жатқан  қастерлі де қазыналы қазақ күресі бүгінгі таңда ерекше мазмұнға ие болып, жастарымыздың сүйіп шұғылданатын спорт түріне айналып отыр. Қазақ күресі өзінің  тарих жеңісіне  2004 жылдың  мамыр айының 12-15 күндері Германияның Берлин қаласында өткен Бүкіләлемдегі қазақтардың құрылтай жиынында жеткен еді. Сол бір алқалы жиында 16 мемлекеттен келген ...

    Read More »

    Шығыс Қазақстанда жарыс жолына 34 команда шықты

    Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Семей спорт академиясының ұйымдастыруымен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналып 2002 – 2003, 2004 – 2005, 2006 – 2008 жылы туған қыздар арасында волейболдан облыстық ашық турнир басталды. Бұл туралы Семей спорт академиясының баспасөз қызметі хабарлады. Турнирде бас-аяғы 34 команда бақ сынасып жатыр. Нақтырақ айтсақ, 2002 – 2003 жылы туғандар арасында ...

    Read More »

    Алматыда дзюдодан Азия кубогы додасы аяқталды

    20 – 21 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақстан дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогы өтті, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.      Осымен үшінші рет ұйымдастырылған додаға елімізден бөлек Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан және Ресейден келген татами шеберлері қатысты. Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметі бойынша, жарыстың бірінші күнінде 6 ...

    Read More »

    Балғын боксшылар Шелекте шиыршық атты

    Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында бокстан жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтіп жатыр. Төрт күнге ұласқан дүбірлі доданың финалдық сайыстары бүгін болады. Кикбокстан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропаның екі дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, әлем кубогының иегері даңқты спортшы Елмұрат Қайыпжановтың жүлдесіне арналған ашық турнирге Түркістан облысынан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы облысының аудандарынан келген боксшылар қатысып, сайыс көрігін қыздыруда. Турнирді ...

    Read More »

    Университеттен білімді де білікті түлектер шығады

    Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің көптеген түлектері таңдаған мамандығы бойынша жетістіктерге жетіп келеді. Өйткені, біздің оқу орнымыз тек білім беріп қана қоймай, адамның жеке қасиеттерін жетілдіруге де баса мән береді. Қазіргі таңда бұл білім ордасы құрамында 15 факультеті, колледжі, ғылыми-зерттеу институттары, әртүрлі мамандықтар бойынша докторлық диссертацияларды қорғау бойынша мамандандырылған диссертациялық кеңестері бар біліктілікті арттыру институты. Мұнда 25 000-нан ...

    Read More »

    Университеттің істері бәріне үлгі

    Қамқорлық болған жерде табыс та болады. Бұл аксиома. Талантты спортшыларды тани біліп, оларға жағдай туғызған орта, белгілі бір жетістіктерге жетері хақ. Алматыда көптеген көне спорт орындары бар. Солардың бірі – М. Горький атындағы Орталық саябақтағы стадион бүгінгі күні жаңа заман ағымына сай жасанды төсініштермен жаңарып, халық игілігі үшін қызмет етуге дайын. Көп жылдық тарихы бар бұл стадионда кезінде қаншама дүбірлі ...

    Read More »

    Балуандарға төсбелгілер беріледі

    Биыл «Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі елімізде самбо күресін дамытуға  қосқан қомақты үлесіне және еңбектері үшін берілетін төсбелгілер (медальдар) шығаруды ұйғарды. Бұл бастаманы Федерация президенті Рапиль Сейітxанұлы Жошыбаев қолдап, спорт жанашыры, спорт ардагері, Шығыс Қазақстан облысы самбо федерациясының вице-президенті Пәрмән Әбдуәлиұлы Имаxановтың идеясына мен де мемлекеттік жаттықтырушы және Федерацияның бас xатшысы ретінде өз үлесімді қосып, ақылдаса ...

    Read More »

    Алматыда журналистердің аламан жарысы аяқталды

    Алматыда үш ай бойы дүбірлете өткен доп додасы мәресіне келіп жетті. Әр жексенбі сайын Қазақтың Спорт және Туризм академиясының спорт кешенінде кескілескен кездесулер, жан берісіп жан алысқан ойындармен өрбіп отырды. Иә, осындай журналистердің доп додасы Алматы қаласында көптен бері өтпеген еді. Кезінде қазақ спорт журналистикасының атасы  Сейдахмет Бердіқұлов пен  белгілі спорт қаламгері Арыстан Сариннің атында журналистер арасында  дүбірлі жарыстар өтіп ...

    Read More »