• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: мамыр 2019

    «Алтын жебе» мергендері атқа мінді

    Бүгін тұңғыш ұйымдастырылған «Алтын жебе» әлем чемпионатына қатысушы мергендер жеребе бойынша ат таңдап, алғашқы даярлық-жаттығуды бастады. Шетелдік спортшылар өздеріне тиесілі болған аттарға бой үйретіп, жарыс алаңына шықты. Суретте: І әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрама командасы (солдан оңға қарай)  Айтбек Сарыбай, Ғалымжан Өміртай, Бақдәулет Бабажан, ҚР Ұлттық спорт түрлерінен бас бапкер, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамаев,  Ералхан Айкөз, Абзал Тулыбеков. Суретте: Қазақстан ...

    Read More »

    «Nur-Sultan ethno fest» мерекесі басталды

    Бүгін «Хан-шатыр» маңындағы «Nur-Sultan ethno fest»  мерекесінің алғашқы күнгі думаны басталды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Ұлттық салт-дәстүрдің салтанат құрған мерекесін тамашалау да, балалар мен ересектер арасындағы түрлі дәстүрлі спорттық ойындардың думанды бәсекесі де қызу жүргізіле бастады. Көпшілікке көш кезінде түйеге жүк артудың рет—тәртібі көрсетілуде «Қисық ағаш тез басында жатпайды». Ағаш шеберлері қисық ағашты тезге салып түзейді Қолөнер бұйымдарының қалай ...

    Read More »

    Алматы облысында балуанға құрдастары құрмет көрсетті

    1982 жылы туған азаматтардың биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл. Осындай айтулы шара Алматы облысы, Кеген ауданы, Жылысай ауылындағы Майлы Орманов орта мектебінде де өтті. 1999 жылы алтын ұядан қанаттанып ұшып, үлкен өмірге қанат басқан түлектер араға 20 жыл салып білім ошағына оралды. Бәрі де бір-бір саланың білгір мамандары. 1982 жылғы азаматтар Жылысай ауылының тумасы, самбо, қазақ күресі, дзюдо  күрес түрлерінен ...

    Read More »

    Елге оралған қандас бауырларға ҮНДЕУ

    9 маусым күні Қазақстан Республикасы Президенттігіне өтетін сайлауды  ұлтымыздың тағдырын шешетін, еліміздегі тұрақтылықты сақтап, мемлекетіміздің бағыт-бағдарын, даму жолын одан әрі жалғастыру үшін жасалған үлкен саяси оқиға деп білемін. Еліміз Кеңес Одағынан бөлініп шығып, өзінің ірге тасын қалап, егемендігін алған соң, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күллі әлемге тарыдай шашылған қандастарымыздың Отанға оралуына Үндеу тастады. Сол кезден бастап ...

    Read More »

    Елордада «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі жалауын көтерді

    Бүгін 31 мамыр мен 2 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет өтетін «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесіне байланысты қос шара ұйымдастырылды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Алдымен елордадағы «Хан Шатыр» кешені маңында орналасқан этно-қалашықта ​Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов пен Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбайдың қатысуымен арнайы баспасөз туры өтті. Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдеріне  ...

    Read More »

    Тұңғыш әлем чемпионатына қатысатын мергендер

    Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Алтын жебе» І әлем чемпионатының басталуына санаулы ғана күндер қалды. Қазіргі кезде мергендер сайысына 12 мемлекеттің жиырмадан астам спортшысының қатысатыны анық болды. Олардың ішінде өткен жылдары «Алтын жебе» халықаралық турнирінде бақ сынаған бірнеше мерген бар. Жанкүйерге таныстыру мақсатында бүгін осы спортшылар туралы жариялауды жөн көрдік. Елордадағы «Хан-шатыр» кешені маңында, «Nur-Sultan Ethno Fest»  мерекесі аясында 31 мамыр мен ...

    Read More »

    Таразда ұлттық спорттан Қазақстан чемпионаты аяқталды

    19 мамыр күні Тараз қаласында басталған ұлттық спорттан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Көкпар мен аударыспақтан ХІХ рет, теңге ілуден ХІІІ рет, жамбы атудан V рет ұйымдастырылған елішілік жарыстың соңғы күні көкпар бәсекесінің финалдық ойыны тамашаланып, чемпионаттың салтанатты жабылуы өтті. Екі жыл қатарынан түркістандық «Құлагер» командасына есе жіберген Жамбыл облысының «Әулие-ата» командасы көкпардың бүгінгі финалдық ...

    Read More »

    Аударыспақтан Қазақстан чемпиондары анықталды

    Бүгін  Қазақстанның ересектер арасындағы аударыспақтан ХІХ  рет өткен чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Өткен жылғымен салыстыра өтер болсақ, былтырғы чемпиондық атақтарын сақтап қалған түркістандық аса ауыр салмақтағы балуан Біржан Қосалиев пен 70 кило салмақтағы балуан ақтөбелік Шыңғысхан Ержанов қана болды. Сонымен, Тараз қаласында өткен биылғы аударыспақ бәсекесінде кімдердің жұлдызы жанды? Суретте: Аса ауыр салмақтағы даңқты балуан Біржан Қосалиев ...

    Read More »

    Жамбы атудан жаңа чемпион шықты

    Бүгін Жамбыл өңірінде жамбы атудан өткен V  Қазақстан чемпионаты аяқталды. Қызылорданың мергені Ғалымжан Өміртай елішілік жарыстың бас жүлдесін иеленді, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Жамбы атудан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жүлдесін бас-аяғы 22 спортшы сарапқа салды.  «Қалқан ату» және «Жамбы ату» бәсекесі бойынша өткен елішілік жарыста Қызылорда облысы  командасының мерейі үстем болды. Бұған дейін жастар арасындағы елішілік чемпионатта екі дүркін ...

    Read More »

    Рахат Қомбаров теңге ілуден Қазақстан чемпионы атанды

    Тараз қаласында өтіп жатқан елішілік чемпионаттың думаны қыза түсуде. Бүгін  теңге ілуден Рахат Қомбаров  Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Биылғы ХІІІ теңге ілу чемпионатында  14 командадан 20 спортшы бақ сынады. Бұл елішілік бәсекеден тек Нұр-Сұлтан қаласының өкілдері ғана тыс қалды. Үш кезеңнен тұратын жарыстың қорытындысы бойынша Түркістан мен Жамбыл облысының жігіттері жүлделі орындарды өзара бөлісті. Бас жүлде ...

    Read More »