• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: маусым 2019

    Семейде оқушылар әлем чемпиондарымен жүздесті

    Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия, әлем чемпионы Мерей Ақшалов пен кикбоксингтан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, әлемнің екі дүркін чемпионы Нұрболат Рысмағамбетов Семей спорт академиясының оқушыларымен жүздесті, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.   Оқушылар чемпиондарға сауалдарын қойып, кездесу емен-жарқын әңгімемен өрбіді. Әсіресе, жерлесіміз Мерейге қызықты сұрақтар көп қойылды. Оның боксқа келуі, жеңісі пен жеңілісі қатар жүрген спорттық ...

    Read More »

    Аударыспақтың жасөспірім балуандары анықталды

    Алматы қаласының іргесіндегі «Байсерке» ипподромында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының 23 маусымда басталғаны туралы бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Бірнеше күн көкпардың топтық кездесулері өтті. Ал, кеше жасөспірімдер чемпионатындағы аударыспақ балуандары сынға түсіп, бес салмақ бойынша чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы.  2001-2003 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасындағы елішілік чемпионатта балуандар 40, 50, 60, 70 және 70 килодан ...

    Read More »

    Атырауда «Мұнайшы» стадионы жаңарды

    Футболдан Қазақстан кубогының финалдық тартысына  Қызылорданың «Қайсар» клубы мен «Атырау» командасы шықты. 22 қыркүйекте екі клуб ел кубогы үшін тартысқа түсетін болады. Атыраудың  «Атырау» командасы Қазақстан кубогының жартылай финалдық қарымта ойынын өз алаңында, «Мұнайшы» стадионында өткізді. Матч барысының қалай өткені жөнінде жазылды. Біздің айтпағымыз «Мұнайшы» стадионы жөнінде. Қаққан қазығыңа қара алтын жағылатын қазыналы өңір, мұнайлы астанадағы «Мұнайшы» стадионының тозығы жетіп, ...

    Read More »

    Жетісуда жасөспірімдер чемпионаты жалау көтереді

    23-30 маусым күндері Алматы қаласының іргесіндегі ипподромда ұлттық спорт түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз жалауын көтереді, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Жасөспірімдер чемпионаты Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес  Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. 2001-2003 жылдарда туған жасөспірімдер арасындағы елішілік чемпионаттың жалауы көтерілетін нақты мекен-жай – Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты «Байсерке» ипподромы. ...

    Read More »

    Ұлағатты ұстаздың жүз жылдығы ұлықталды

    «Өлі риза болмай, тірі байымайды» – деген бабаларымыз. Артынан ізгілікті із қалдырып кеткен жандарға құран бағыштап, игілікті шаралармен еске алып отырудың үлкен мәні бар. Ең бастысы жастарға өткенді үлге етіп, тәрбие дәнін еге білу. Бүгін біздің  еске алып отырған ардақты азаматымыз – 45 жыл бойы ауыл мектебінде бала оқытып, ұрпақ тәрбиелеуде өлшеусіз үлес қосқан аяулы ұстаз, Казақ КСР Оқу-ағарту ісінің ...

    Read More »

    Торғай тарландары төс түйістіреді

    Қасиетті Торғай топырағы ешқашан талантты жастарға кенде болған емес.  Торғай сияқты қазақтың киелі жерінен халқымыздың көптеген беткеұстар ардақтылары шыққан. Олардың аттары қарт тарихтың қатпар-қатпар беттерінде алтын әріппен жазылған. Міне, осындай тектілер туған топырақтан спортта да талантты жастардың шығуы тегін емес деп ойлаймыз. Қазір олардың бәрі еліміздің намысы үшін спорттың барлық түрінен күш сынасып, көк байрағымызды желбіретіп келеді. Солардың бірі – ...

    Read More »

    Ералхан Айкөз — ат үстінен садақ атудан тұңғыш әлем чемпионы

    Бүгін «Nur-Sultan Ethno Fest»  мерекесі аясында өткен «Алтын жебе» І әлем чемпионаты аяқталды.  Бұл додада қазақ сұрмергені Ералхан Айкөз тұңғыш әлем чемпионы атанды. Түске дейін «Түрік стилі» бойынша өткен бәсеке тамашаланды. Бұл мергендік сайысында дүниежүзілік жарыстардың атақты мергені, румыниялық Михай Козмей чемпион атанған-ды. Екінші орынды кешегі «Азиялық стильде» де жүлделі орын алған кореялық жас мерген Ли Сунг Хо иеленді. Ал, ...

    Read More »

    «Nur-Sultan ethno fest» фестивалінің думаны қызды

    Елордадағы «Хан-шатыр» кешені маңындағы этно-қалашық таңертеңнен қалың көрерменге лық толды. Сонда «Nur-Sultan ethno fest»  фестивалін тамашалаушылар бұл этно-қалашықтан қандай қызықтарды көре алды? «Алтын жебе» І әлем чемпионатының алғашқы күнгі қорытындысын айтпас бұрын біз осы этно-қалашыққа  қысқаша бір шолу жасағанды жөн көрдік. Атап айтып өтелік,  «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі – бұл елордада өтіп жатқан  этно-жанрдағы бірегей жоба. Мұнда этно-спорт та, этно-мәдениет ...

    Read More »

    Атырауда спорттық фестиваль өтті

    Атырауда Жауынгерлік өнер қауымдастығының ұйымдастыруымен Олимпиадалық ойындар санатына жатпайтын спорттың бірнеше түрінен айтулы фестиваль өтті. Оған жекпе-жек спортынан,  күрес түрлерінен әлем чемпионаттары, әлем кубогы,  Азия чемпионаты мен  халықаралық турнирлерде топ жарып, Атырау  облысының ғана емес, еліміздің мәртебесін абыроймен қорғап жүрген спортшылар  қатысып,  шеберліктерін көрсетті. «Елімізде Олимпиадалық ойындар санатына кірмейтін спорттың бірнеше түрін дамыту мақсатында Жауынгерлік өнер қауымдастығы құрылған еді. Оның ...

    Read More »

    Бүгін І әлем чемпионаты басталады

    «Алтын жебе» әлем чемпионатына қатысатын спортшылар  «Nur-Sultan ethno fest»  мерекесі өтетін этно-қалашықта соңғы даярлық-жаттығуларын жасады, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Кеше дүниежүзі мергендері ертеңгі бәсекеде жарыс жолына шығу реті бойынша этно-қалашықтың үлкен сахнасына жеребе тартуға жиналды.  Жарыс жеребесін тартудың салтанатты  рәсіміне Мәдениет және спорт министрлігі Денешынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев пен Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай ...

    Read More »