• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қараша 2019

    Кикбоксшылар Анадолы елінен алтын жүлде әкеле жатыр

    Бүгін Түркияның Анталья қаласында екі жылда бір рет өтетін кикбоксинг спорт түрінен (фулл-контакт) әлем чемпионаты аяқталды. Бұл дүрмекті додада қазақ спортшыларының мерейі үстемі болып, жұлдыздары биіктен жарқырады. Жарыста Қайрат Смағұловтың шәкірттері жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Олар 63 елдің 696 спортшысы қатысқан бәсекеде үш алтын, екі күміс, бір қола медальді жеңіп алды. Бұл сында Ерлан Шағбан (54 кг), Жандос Назарбеков ...

    Read More »

    «Ақиқат» журналының дәстүрлі додасы

    Алматыда осымен жетінші рет шахматтан «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін турнир өтті. Бұл жарыс 2012 жылы серіктестіктің бас директоры-редакторлар кеңесінің төрағасы болған қарымды қаламгер, қоғам қайраткері Жұмабек Омарұлы Кенжалиннің ұсынысымен басталып, қазір журналистер арасындағы дәстүрлі турнирлердің біріне айналып отыр. Биылғы додаға 26 журналист қатысты. Турнир жылдағы дәстүр бойынша швейцариялық жүйе бойынша 5 турдан өтіп, оған  шахмат мектебінің ...

    Read More »

    «Астана» «Манчестер юнайтедпен» ойында тарихи жеңіске жетті

    Бүгін футболдан «Астана» клубы Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші турында Англияның «Манчестер юнайтед» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, осы ойынға әдейі үшінші құрамын әкелген ағылшын клубы елдеріне ұпайсыз қайтты. Кездесуде бірінші қонақтар есеп ашты. 10-минутта Джесси Лингард алаң иелерінің қақпасына әдемі гол соғып, «Манчестер юнайтедті» алға шығарды. Одан кейін «Астана» есепті теңестірді. 55-минутта ағылшындардың қақпасын Дмитрий Шомко дәл ...

    Read More »

    Жетісуда журналистер жарысының жалауы желбіреді

    Талдықорғанда шағын футболдан тұңғыш рет бұқаралық ақпарат құралдары арасында өткен «BAQ JETISU LEAGUE» біріншілігі өз мәресіне жетті. Оған 6 команда қатысты. Үш пента-трик Қай салада да түрен салатын қаламы жүйрік журналистер екі ай бойы өңіріміздегі №25 орта мектеп пен политехникалық колледждің спорт залына жиналып, ала допты ұршықша иірді. Жарыс он турға созылды. Яғни, алты команда бір-бірімен екі кездесу өткізді. Публицистика шеберлері ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы армрестлингтен 134 медаль жеңіп алды

    Румынияның Констанца қаласында армрестлингтен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметі хабарлады. Қорытынды кезең ересектер, ардагерлер, есту қабілеті зақымданған адамдар мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өтті. Жарыстың алғашқы күні жастар мен жасөспірімдер арасында ел құрамасы 32 алтын, 22 күміс, 19 қола жүлде иеленді. Бұл сында жалпы командалық  есепте ...

    Read More »

    Қазақстан допингпен күресті қатаңдатады

    Польшаның Катовице қаласында Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов бастаған делегация WADA ұйымының бас директоры  Оливьер Нигглемен және осы мекеменің Азия өңіріндегі кеңсесінің басшысы  Казухиро Хайашимен кездесті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің бапасөз қызметі хабарлады. Кездесу спорттағы допинг мәселесіне арналған V Бүкіләлемдік Допингке қарсы конференция аясында өтті. Қазақстандық тарап допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін ...

    Read More »

    Елорда іргесінде жаппай көкпар жарысы аяқталды

    Жаппай көкпарды тамашалауға  Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, Парламент  Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан қатысты. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Елорда іргесіндегі Талапкер ауылында Хасеновтер әулеті ұйымдастырған бұл көкпар – биылғы жылы Арқа төсінде өткен айтулы көкпардың бірі. Бұл жаппай көкпарды Хасеновтер әулеті өмірден озған ардақты әкелерін еске алу құрметіне жасаған жылдық асқа орай ұйымдастырды. Белгілі атбегі Хасенұлы Амандық ақсақал кезінде ...

    Read More »

    Астананың төңірегінде жаппай көкпардың жалауы желбіреді

    Соңғы жылдарда жаппай көкпар ұйымдастыру  еліміздің барлық өңірінде белең ала бастады. Жұртшылықты дәстүрлі ойын мен ұлттық спортқа қызықтыру, бұқаралық спортты жандандыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ұлттық спорттың додасы бұған дейінгі уақытта да аз өткізілген жоқ. Сондай дүбірлі бәсекенің бірі елорданың іргесіндегі Талапкер ауылында 3 қараша күні тамашаланбақ. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Бұл жаппай көкпарды Хасеновтер ...

    Read More »

    Алматыдағы Әуезов стадионында студенттердің сайысы аяқталды

    Алматыдағы М.Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы «Спартак» стадионында шағын футболдан жоғары оқу орындары арасында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде 26 жыл ректор болған, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ғылым мен техника саласына еңбегі сіңген қайраткер, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Тоқмұхамет Сәлменұлы Садықовты еске алуаға арналған жарыс өтті. Сонымен бірге тағы бір жар салап жария етер жаңалық, ...

    Read More »