• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: тамыз 2020

    Қолдобына қолдау керек

    Кеше Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев іссапармен Іле ауданына қарасты Алматы маңындағы Өтеген кентінде орналасқан гандболдан Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне келіп, білім ордасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында қолдобы спортының аймақтарда дамуына қатысты өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, мамандардың пікірін тыңдады. Сонымен қатар, облыс спортының басшысы алдағы уақытта қолдобы спортының ауыл-аймақтарда ...

    Read More »

    Тамыз кеңесі: жаңа оқу жылына дайындық қаралды

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдаструымен педагог қызметкерлердің республикалық «Тамыз кеңесі» аясында  «Білім және денсаулық: дене шынықтыру және спорт әлеуеті» тақырыбындағы екі күнге созылған секциясының онлайн отырысы мәресіне жетті. Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов тамыз кеңесінің секциялық отырысына арнайы қатысып, ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады және алдағы маңызды ...

    Read More »

    Өнердегі өшпес із

     Көпшілікке мәлім, Қостанай ежелден өнер және мәдениет қай­раткерлері, ақын-жазушыла­рымен аты шыққан. Қазір де олардың дара жолын жалғастырып жатқан азаматтар жеткілікті. Солардың қатарында күйшілік ерекше қабілетімен барша қазақтың мақтанышына айналған Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай об­лыс­тық филармонияның бұрынғы басшысы, талантты бауырымыз ­Назымбек Молдахметов те бар еді. Бәріміз де мына өмірге қонақпыз. Кеше ғана арамызда күндей жарқырап жүретін жайсаң мінезді, жаны – жаз, ...

    Read More »

    Испания Гран-Приіне шолу

    Формула-1 қауымдастығы ішінде жиі айтылып жүргендей, Каталунья жолында қарсыластарыңнан басып озу аса қиын. Жексенбілік жарыс та соның бір дәлеліне айналды. Жарысты бірінші болып бастаған Mercedes-тің пилоты Льюис Хэмильтон мәреге дейін алдына жан салмай, Испания Гран-Приінің жеңімпазы атағына төртінші мәре ие болды. Бұл жеңіс – Формула-1 қауымдастығы үшін тарихи маңызы бар оқиға. Себебі, Л.Хэмильтон осы жеңісі арқылы подиумға 156-рет көтерілді. Осылайша, ...

    Read More »

    Формула-1 тарихындағы үздік пилот кім?

    Формулаға қызығушылық танытқан кез-келген адамның ойына кем дегенде бір рет келетін сұрақ осы. Алайда, бұл сұраққа анық жауап беру мүмкін емес. Себебі, Формула-1 – технологиялар жарысы. Бұл жарыстағы жағдай жыл санап емес, апта санап өзгеріп жатады. Жыл өткен сайын болидтер де, технологиялар да қарыштап дамуда. Сол себепті де, өткен ғасырдың жұлдыздарын қазіргі пилоттармен салыстыру дұрыс емес. Заман басқа, заң басқа. ...

    Read More »

    Сағынып еске аламыз

    Осынау бір сәттік өмірден жалт етіп өткен жандар аз ба?!  Адамның уақыты келгенде бәріміз де дәрменсізбіз. Биылғы 29 тамыз күні қасиетті Торғай даласының топырағынан шыққан бауырымыз, отбасының ардақты әкесі Жаңбыршы Шалабайұлы Қалиевтің «Өмір – өткінші», «Дүние – жалған» деген сөздерді тағы бір дәлелдеп,  арамыздан кеткеніне қырық күн болады. Ақжарқын, ақ пейілімен, ақ көңілдігімен барша ағайынды, барша ел-жұртты баураған бауырымыздың мәңгілікке ...

    Read More »

    Жақсылықты жоқтау апталығы

    Чемпионсыз өткен 35 жыл!!!  Қазақтар өз ұлттық спорты санаған, бүкіл ата – бабасы балуан болды деп дәлелденген күрес өнерінен ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ шықпағанына бүгін тура 35 жыл бір апта болды! Сонау 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасына ең соңғы сәтте ғана ілінген кеней асықтай ғана балуан Жақсылық Үшкемпіров жасы отызға келгенде мыңнан бір мүмкіндіктің жалына жабысып, Қажымұқан атасы, Әбілсейіт ағасы жетпеген атақты тұтас ...

    Read More »

    Жақсылықты жоқтау апталығы

    Қазақстан үшін !!! 1983 жыл! Мәскеуде КСРО Халықтарының VIII Спартакиадасы өтті. Ол кезде спорт журналистикасының атына тақым тастай бекіген, жарыстан қалмаймыз, біз де бардық. Бүгінгі жастарға түсінікті болсын, ол кезде КСРО-да бұл СПАРТАКИАДАДАН асқан маңызды жарыс жоқ болатын. Ол жарыстардағы нәтижені КПСС Орталық комитетінің өзі бақылауда ұстап, жақсы нәтиже көрсетсең бастан сипап, нашар нәтиже көрсетсең құйрықтан шықпыртатын! Өйткені, бұл Спортакиададағы ...

    Read More »

    Жақсылықтың қазасы – қазақ қоғамының қабырғасын қайыстырды

    Артық айтты демеңіздер, кеше «Жақсылық қайтыс болыпты!» дегенді естігенде менің өз басымның өмір сүріп жатқан кеңістігім күл-парша болып күйреп түскендей болды! Сонау оттай қызу шағымда спорт атты өнерді таңдап алып, содан бергі 45 жылда (!) әр сағат, әр күнімді Жақсылықсыз өткізбегендіктен бе, Жеңіс, Чемпион атақтарын Жақсылықсыз тойламағандықтан ба, жеңіліс пен сәтсіздікті Жақсылықсыз жүректен өткізбегесін бе, оның ұлы табиғаты менің кеудеме ...

    Read More »

    Жақсылық ағадан қапыда айырылып, қанатымыз қайырылды

    Бір жапырақ кеудесіне бүкіл қазағын сыйғызған Жақсылық ағатайым Жаратқан Иеміздің құзырына қайтыпты. Жанарымыз жасқа шыланды. Көкіректі мұнар шалды. Барша Қазақ жұртына Жақсылық Үшкемпіровтің қазасына орай көңіл айтамыз. Алла Тағала ағамыздың мәңгілік мекенін жәннат бақшаларынан қылсын! Отбасына, етжақындарына Алланың нығметі мен берекесі нәсіп болсын! Жақсылық ағатайым ұлтының тарихындағы ірі тұлғаның бірі ғой. Ол кісінің басынан өткен мына бір екі сәтті қайта ...

    Read More »