• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: наурыз 2021

    Бекзат болмыс

    Қазақ журналистикасы ауыр қазаға ұшырады. Жақында әріптес ағамыз, белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай фәни дүниеден бақиға аттанып кетті. Бұл қазаны қолына қалам мен микрофон ұстаған барлық журналистер ауыр қабылдады. Өйткені, Дүрәлі аға жаны жайсаң, адамгершілігі мол, көркем мінезді, ақжарқын, ақкөңіл, кеңпейілді адам еді. Мен де басқа әріптестерім сияқты әуелі қайғыға біраз уақыт сенбей жүрдім. 22 наурызда маған жайсыз хабарды әкем мен ...

    Read More »

    Мұрат ТЕМІРӘЛИЕВ : Ел таеквондосының ертеңіне сенімдімін

    Тоқсаныншы жылдардың басында Алаш топырағына корейлер ойлап тапқан өнердің ұрығын сепкен қара белбеу, алтыншы дан иегері Мұстафа Өзтүрік екенін көпшілік жақсы біледі. Сонау Германиядан Атажұртын аңсап келген асыл азамат Қазақстан халқын таеквондомен табыстырды. Ол танымал жекпе-жек шебері Бексейіт Түлиевпен бірігіп, елімізде осы спорт түрінің кеңінен құлаш жаюына көп күш салды. Ел-елде, жер-жерді үйірмелер ашылды. Жастар спорт залдарға беттеді. Таеквондоның тұнығына ...

    Read More »

    Қазақ спортының тарихшысы

    Жақында белгілі қаламгер, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбек «Қазақтың 72 бапкері» мен «Саңлақ» деген кітаптарын шығарып, оқырман қауымды қуантты. Қыдырбек ағаны қазақтың қалың оқырманы өткен ғасырдың 80-жылдарынан жақсы біледі. Ол кісі қазақ спорт журналистикасының көшбасшысы Сейдахмет Бердіқұлов басқарған «Лениншіл жас» газетінде қарымды қаламгер Несіп Жүнісбайұлымен бірге спорт тақырыбында қалам тартты. Сол кезден бері ол еліміздің барлық жаттықтырушыларымен, спортшыларымен, спорт мамандарымен, басшыларымен, ...

    Read More »

    Келіңіздер! Ойнаңыздар! Демалыңыздар! Ұтыңыздар!

    Құрметті  әріптестер! 13  наурызда  сағат  10. 00-де  «Бастау» бильярд клубында (Алматы  қаласы, Шагабутдинов  көшесі 109а,) бильярдтан журналистер арасында «Жас Алаш»  газетінің  100 жылдық мерейтойына арналған  турнир  өтеді. Қатысушыларға мерекелік дастархан жайылады! Жеңімпаздар  ақшалай және заттай сыйлықтармен марапатталады! Турнирға қатысуға ниет білдірген БАҚ  өкілдері  мына телефондарға ( 8 707 503 81 48; 8 (727)  339 99 54)  хабарласып,  тіркеле алады. Турнирге қатысушылардың қызметтік ...

    Read More »

    Ізгілік іздесеңіз, оқыңыз

    Алматыдағы К. Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің шаңырағында тамаша бір спорттық шара болып өтті. Игілікті іс спорт журналисі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері Ақын Ордабайұлының «Ізгілікпен өрілген өмір» атты кітабының тұсаукесеріне орай ұйымдастырылды. Автор бұл еңбегіне  журналистика саласында 30 жылдан бері  сараптап саралап жазған еңбегін топтастырған.  Кітапты қолға алған оқырман қазақ спортының атын  әлемдік ...

    Read More »

    Ізгілікпен өрілген өмір

    Бүгін Алматы қаласындағы К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде есімі елге белгілі спорт журналисі, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты және Яхонтев атындағы бүкілодақтық «Сөз өнері» байқауының жүлдегері Ақын Ордабайұлының «Ізгілікпен өрілген өмір» атты кітабының тұсаукесері және шағын футболдан БАҚ өкілдері мен ардагер спортшылар арасында турнир болып өтті. Ақын Ордабайұлының кітабында оның 30 жылдан бері спорт журналистикасы саласындағы жұмысы сарапталып, ...

    Read More »