• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 03.03.2023

    «Азия балалары» ойындары: Варвара Глухова алтын жүлде алды

    Бүгін қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемерово облысында өтіп жатқан ІІ  «Азия балалары» ойындарында конькимен жүгіруден соңғы жүле жиынтығы сарапқа салынды. Алдыңғы екі күнде медальге сынық сүйем қалғанда сүрініп келген қазақстандықтар бұл жолы 1 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алды. Конькиші Варвара Глухова жеңімпаз атанса, командалық спринтте Денис Мезенцев, Михаил Бровко мен Михаил Матрюхин үштігі Сібір федералды округынан кейінгі екінші нәтиже ...

    Read More »

    Астанада бильярдтан Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтеді

    Ертең, 4 наурыз күні Астанада AIQYN, «Литер» және Turkistan газеттерінің ұйымдастыруымен зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтеді. Жолдасбек Дуанабайдың есімі қалың оқырманға белгілі. Ол қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері болған. Турнирге 50-ден аса адам қатысады. Олар екі санат бойынша бақ сынайды. Әр санатқа үш бағалы ...

    Read More »

    Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

    Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Португалияның Вила-Реал қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен WTT Youth Contender турнирдің жеңімпазы атанды. Ол жарыста қарсыластарының бәрін ұтты. Атап айтқанда, испан Франческа Каррераны, колумбиялық Хуан Рамиресті, франциялық Ной Вительді, Пуэрто-Риконың өкілі Энрике Риос пен чехиялық Мартин Сипті жеңді. Сонымен бірге теннисші тағы бір испаниялық Даниэль Берзоса мен румын Драгош Бужорадан айласын асырды.   Дастан ...

    Read More »

    Былтыр футбол клубтарына 20 млрд теңге бөлінді (КЕСТЕ)

    Halyq Uni агенттігінің зерттеуінше, 2022 жылы Қазақстанда республикалық және жергілікті бюджеттен спорт саласына жалпы 356,1 млрд теңге қаражат бөлінген. «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңда көрсетілгендей, 2022 жылы: «жоғары дәрежелі спорт түрлерін дамытуға» 81 млрд теңге; «спорттағы дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеуге» 26 млрд теңге; «бұқаралық спорт пен ұлттық спорт түрлерін дамытуға» 1,4 млрд теңге бөлінген. жергілікті әкімдіктер арқылы 247,7 млрд теңге ...

    Read More »

    Атақты футболшы Жюст Фонтен қайтыс болды

    1 наурызда атақты француз футболшысы Жюст Фонтен 89 жасында қайтыс болды. Франция құрамасының аты аңызға айналған шабуылшысы 1958 жылы өткен әлем чемпионатында 13 гол соғып, әлемдік рекорд жасады. Осы кезге дейін бірде-бір адам әлемдік додада ең көп гол соғу бойынша Фонтеннің рекордын жаңартқан жоқ. Жюст Фонтен 1933 жылы 18 тамызда Мароккода туған. Футболдағы карьерасын Марокконың «Касабланка» клубында бастаған. Одан кейін ...

    Read More »

    Шавкат Рахмонов америкалық файтермен жекпе-жекке шығады

    5 наурыз күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 285 турнирі болады. Онда UFC жекпе-жегінде жартылай орта салмақта күш сынасатын файтер Шавкат Рахмонов турнирдің негізгі кардында америкалық Джефф Нилмен жекпе-жекке шығады. Кеше қарсыластар жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатын өткізіп, бірінші рет бетпе-бет жолықты. Қазір Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде 9-орында тұр. Ол — мінсіз рекорд иегері. Яғни, Шавкат 16 рет жеңіске жетіп, бірде бір ...

    Read More »

    Щучьеде биатлоннан әлем чемпионаты өтеді

    4-12 наурыз күндері Щучье қаласында биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Осыған байланысты Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) президенті Олле Далин кездесіп, чемпионатты өткізуді талқылады. Кездесуде министр шетелдік қонаққа елімізге көрсеткен сенімі үшін алғыс айтты. Әлем чемпионатының жақсы болатынына күмәнім жоқ. Ол үшін бізде барлық жағдай жасалған. Заманауи спорт инфрақұрылымы бар. Әлем ...

    Read More »