• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Есімі ел есінде

    Ж. Кенжалин шығармашылығына арналған байқау ережесі

    2021 жылдың 30 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті Ж. Кенжалин атындағы Баспасөз және жаңа медиа оқу-шығармашылық зертханасының ұйымдастыруымен жас тілшілер мен талапкерлер арасында журналист, қаламгер Жұмабек Кенжалиннің өмірі мен шығармашылығына арналған ең үздік жұмыстар мен жобаларға республикалық байқау жарияланады. Байқауды ұйымдастыру мақсаты жас тілшілер мен талапкерлердің ізденісін арттыруға, журналистика мен медиа бағытындағы шығармашылық ойлары мен жаңаша идеяларын жүзеге асыруға ...

    Read More »

    I Кенжалин оқулары

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы 2021 жылғы 30 сәуір күнгі сағат 14.00-де Ж.О. Кенжалин атындағы «Баспасөз және жаңа медиа» оқу-шығармашылық зертханада (жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты, профессор Клара Қабылғазина) елімізде ақпараттық менеджмент теориясы мен тәжірибесінің негізін қалаған белгілі ғалым, талантты БАҚ ұйымдастырушысы, жазушы-публицист, саясат ғылымдарының кандидаты, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері Жұмабек Омарұлы ...

    Read More »

    Бекзат болмыс

    Қазақ журналистикасы ауыр қазаға ұшырады. Жақында әріптес ағамыз, белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай фәни дүниеден бақиға аттанып кетті. Бұл қазаны қолына қалам мен микрофон ұстаған барлық журналистер ауыр қабылдады. Өйткені, Дүрәлі аға жаны жайсаң, адамгершілігі мол, көркем мінезді, ақжарқын, ақкөңіл, кеңпейілді адам еді. Мен де басқа әріптестерім сияқты әуелі қайғыға біраз уақыт сенбей жүрдім. 22 наурызда маған жайсыз хабарды әкем мен ...

    Read More »

    Тектіден текті туады

    Бүгінгі сенбі қуанышты жаңалықтармен жанымызды қуантты. Қазақтың аты әйгілі комментаторы, белгілі спорт журналисі Диас Ілиясұлы Омаровтың өміржолына арналған тамаша бір кітаптың тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартып отыр. «Вел репортаж Диас Омаров» деген атпен жарық көріп отырған естелік-эсселер жинағы, атақты комментатордың қазақ спортындағы елеулі еңбектері сағынышпен еске алынады. Менде әйгілі ағамен спорт журналистикасында көп жылдар бойы қасында жүріп, тәрбиесін көрген шәкірттерінің бірі ...

    Read More »

    Елден шыққан ерлердің бірі

    Ералы Жалмағанбетұлы туралы бір үзік сыр Биыл Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл болады. Мұндай соғыс жер-жүзінде бұрын-соңды болмаған. Ол адамзат тарихында миллиондаған адамның өмірін алған алапат соғыс болып қала береді. Бұл соғысқа миллиондаған отандасымыз секілді Жалмағанбет Елдесұлы бабамыздың  алты ұлы мен немересі де қолына қару алып, қатысқан. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда аталарымның анасы Бәтима әжем осының бәрі ...

    Read More »

    Мың тағзым сізге, майдангер

    1941-1945 жылдары елін қорғауға аттанған қыз-жігіттерін кеуделерінде намыс оты ойнап, патриоттық сезімнің жалындағаны бізді бүгінгі бейбітшілік өмірге әкелді. Бүгінгі ұрпақ сол кездегі жалынды жастарға, бүгінгі ардақты ардагерлерге, аталар мен әжелерге мәңгілік қарыздармыз. Олардың ерліктері мен өнегелі істеріне бас иеміз, себебі олар біз үшін болашақтың қамы үшін  қымбаттыларынан айырылды, өмірлерін құрбан етті. Төрт жылға созылған алапат соғыстың   жеңісі – Ұлы Жеңіс! ...

    Read More »

    Қазақ волейболының атасы

    Қазақстан волейболының атасы Октябрь Жарлығапов туралы бір үзік сыр «Тартыспен түскен бейнетпен келген жақсылық қана шын мәнінде қымбат табыс» М.Әуезов Қазақстандағы волейболдың қалыптасу ошағы неден басталғаны туралы сөз еткенде  осы бір теңдесіз текті спорт өнерін елімізде негізін қалаған, аты әйгілі волейбол шебері, сонау  Алматынының «Буревестник» командасын адам айтса нанғысыз деңгейге көтерген дарынды жаттықтырушы, волейболдан еліміздегі тұңғыш КСРО спорт шебері, 1960 ...

    Read More »

    Өлмейді Марадона!!!  (фото)

    Өзі өлгенмен оның ғаламат футболы өлмейді! Мен үшін МАРАДОНА әлемдік футболдың ең жарық жұлдызы боп қала береді! Өйткені мен оның ҰЛЫ ФУТБОЛЫНА  куә болған жанмын! Міне,оқыңыздар! Мұндай жанның ӨЗІ ӨЛГЕНМЕН  ӨНЕРІ ӨЛМЕЙДІ!!! Мен көрген Марадона О, тоба, ол маған тіпті таяу келді. Жиналғандарға жанарын жарқ еткізіп бір қарады да, үн-түнсіз орындыққа отыра кетті. Жонылған ағаштың бұрғыша бұралған қабығындай боп ұйысқан ...

    Read More »

    Таудан тартылған аспалы жол

    Ауыл спортының майталманы, туған жерінің жотасындағы тауға шаңғыдан аспалы жол салып, жастардың қысқы спорт түрімен айналысуына жағдай жасаған ардақты азамат Ноғай Мүсірбаев туралы бір үзік сыр. Қысқы спорт түрлерінен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары арасынан алтын жүлдені жеңіп алған жерлесіміз, төрт жылда бір айналып келетін дүрмекті доданың төрт дүркін күміс, екі дүркін қола жүлдегері, төрт дүркін әлем чемпионы, Владимир Смирнов елімізге ...

    Read More »

    Аңыз адам – Тимур Сегізбаев

    «Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды табамыз» Платон Қазақтан шыққан теңбіл доптың шебері, аты аңызға айналған Тимур Сегізбаевтың рухына арналады Үлкен спортта төрткүл дүние көз тігіп тамашалайтын спорт ол әрине, футбол. «Болмасаң да ұқсап бақ», деп Абай айтқандай, бала кезімізден Пеле, Гарринча, Зико деген аттарды естіп, көрмесек те соларға ұқсасақ деп, көше бойында доп қуалап өстік. Футболды ағылшындар ойлап ...

    Read More »