• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Саламатты өмір салты

    Алматыда жаңа суалыбы ашылды

    Елімізде су спортынан ұлттық құрама команда мен жекелеген клубтардың әлем аренасына атойлап өзін таныту үшін спорттың осы түрінен халықаралық стандартқа сай алаңдар салынуы керек. Бүгінгі күні спорт кешендері еліміздің әр аймағында көптеп  ашылып жатыр. Ол әрине, қуанарлық жай, жоқ деуге аузымыз бармас. Дегенмен жасөспірім балаларды су спортына қызықтыра білуге келгенде не істеп жатырмыз? – деген сұрақты өзімізге қойып көрелік. Иә, ...

    Read More »

    Бір атаның балалары футбол ойнайды

    Бүгін Тараз қаласындағы «Тараз арена» спорт кешенінде футзалдан дәстүрлі «Бір атаның балалары футбол ойнайды» жарысы басталды. Бұл туралы осы жарыстың негізін қалаған белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіп Жүнісбайұлы хабарлады. –Жарыс пандемияға байланысты екі жыл үзілістен кейін өткізіліп жатыр. Осы доданы ұйымдастыруға атсалысқан Жамбыл облыстық спорт департаментіне ризамыз. Бұл жарыстың мәні мен маңызы өте зор. Осы жерден Жамбыл Көкеев ...

    Read More »

    Желтоқсан батырларының жарыстары жалғасып жатыр

    Демалыс күндері Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы  Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының  шаңырағында тамаша бір спорттық бәсеке болып өтті. Волейболдан Желтоқсан ардагерлері арасында өткен бұл қалалық турнир Жетісу ауданы «Желтоқсан ақиқаты» қоғамы мен Жетісу ауданы әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Байрақты жарыс Тәуелсіздігімізге 30 жыл және Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толуына арналғандықтан Алматы қаласындағы ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігіне мүше қаладағы 8 ауданның ...

    Read More »

    Жамағат жарысының жалауы желбіреді

    Алматы қаласы мешіттерінің жамағаты арасындағы спартакиаданың жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп келеді.  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетініӊ алаӊында өткен бұл шараға 2000-ға жуық мешіт жамағаты жиналды. Жарысқа қатысушылар арқан тарту, армрестлинг, кір тасын көтеру,  қошқар көтеру, асық ату, петанк, допты қақпаға тебу секілді спорт түрлерінен бақ сынады. Жиналған жамағаттың назарын өзіне аударған – «Қошқар көтеру» сайысы болды. Шын мықтылар бәсекесінде ...

    Read More »

    Дария су аққан сайын тазарады

    Желтоқсан батырлары ешқашан ұмытылмайды Алматыдағы  Орталық саябақтағы Мұхтар Әуезов атындағы стадионның жанында орналасқан күрес залында тамаша бір игілікті де сауапты спорттық шара өтті. Қазақ күресінен студенттер арасында өткен бұл дүбірлі қалалық жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына және Желтоқсан көтерілісінің қаhарманы Ербол Сыпатаевты еске алуға арналды. Оған қаладағы 10-ға тарта Желтоқсан ұйымының басшылары құрметті қонақ ...

    Read More »

    «Ыбырайдың ізімен» атты Нұр-Сұлтан – Қостанай велошеруінің аттану рәсімі

    Бұл веломарафон Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына және Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының 100 жылдығына, сондай-ақ еліміздегі барлық ұстаздар қауымына арналады.     «Нұр-Сұлтан – Қостанай» велошеруі 23 тамыз күні, дүйсенбіде,  таңертеңгі сағат 09. 00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Ыбырай Алтынсарин көшесінің бойындағы Ыбырай Алтынсаринге орнатылған тақтатас жанынан бастау алады. Аттанатын жердің нақты мекенжайы – Ілияс Есенберлин көшесі, 20/1 үй. ...

    Read More »

    Ұранымыз – салауатты өмір салтын ұстану!

    Бұл дүниеде адам өмірінің мәні мен сәні – салауатты өмір салтын ұстанып, айналасына, елге қызмет етіп, жақсы өмір сүру. Қазіргі уақытта бүкіл дүниежүзі, соның ішінде біздің ел де бұрын-соңды болмаған COVID-19 індетімен күресіп жатыр.  COVID-19 адамзатқа қайғы-қасірет әкеліп, әлемдік экономиканы тұрақсыздандырып, миллиардтаған адамның өміріне қауіп төндіріп, өмір сүру қалпын өзгертуде. COVID-19 пандемиясы адамға денсаулықтың қадірін, ауруды алдын алудың маңыздылығын, денсаулыққа ...

    Read More »

    Түлектердің Тәуелсіздік күніне тартуы

    Қайта ораламас студенттік шақтарын бірге өткізген достарың есіңнен мәңгі кетпейді. Сол бір жалын атқан жас кезде өмірдің қызығы мен шыжығын бірге өткерген достарынан кейбір азаматтар қол үзіп араласпай кетсе, кейбірі  тіпті отбасыларымен араласып көпке үлгі болып жүр. Оралхан Бөкеев: «Сәбең үлкен білім берер орта мектеп болса, Мұқаң академия ғой. Мектепте бәрі оқып шығады, ал, академияға екенің бірі түсе алмайды», деген ...

    Read More »

    Таудан тартылған аспалы жол

    Ауыл спортының майталманы, туған жерінің жотасындағы тауға шаңғыдан аспалы жол салып, жастардың қысқы спорт түрімен айналысуына жағдай жасаған ардақты азамат Ноғай Мүсірбаев туралы бір үзік сыр. Қысқы спорт түрлерінен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары арасынан алтын жүлдені жеңіп алған жерлесіміз, төрт жылда бір айналып келетін дүрмекті доданың төрт дүркін күміс, екі дүркін қола жүлдегері, төрт дүркін әлем чемпионы, Владимир Смирнов елімізге ...

    Read More »

    Алматыда журналистер мен әншілер жарысты

    Алматы қаласында  қазақтың белгілі әнші-композиторы Алтынбек Қоразбаевтың «Алтын домбыра» атты өнер мектебінің ашылуына орай шағын футболдан турнир өтті. Бұл жарысқа қазақ эстрадасы әншілерінің бірталайы қатысып, жасыл алаңда өнер көрсеттті.  Өнерпаздар спорттан да құр алақан емес екендіктерін қолдан келгенше көрсетуге тырысты. Әншілерден құралған «Өнер қырандары» командасында Мейрамбек Бесбаев, Нұрмұқасан, Жұбаныш Жексенұлы, Ернар Айдар, Солтан Күнту, Мелс Сағатұлы, Сержан Молдасан, Ғаділбек Жанай, ...

    Read More »