• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Сырт көз — сыншы

    Елдің ісі – ердің қолында

    Кеңес Одағының еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО  әуе күштері әскерінің үш дүркін абсолютті чемпионы, ережесіз жекпе-жектен тоғыз дүркін Әлем чемпионы, КСРО мен Қазақстанда  кикбоксинг пен ушу-саньданың іргетасын қалаушы, Дүниежүзілік «Жекпе-жек» қауымдастығының президенті Сабыржан Ғалымжанұлы Махмет туралы бір үзік сыр. «Бірақ, ұлтшыл болу – өзге ұлттарды басыну деген сөз емес. Ұлтшыл адам ғана, өз ...

    Read More »

    Сегіз қырлы бір сырлы

    «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, орыстың әлемге әйгілі балуаны Федор Шаляпин, тамаша  әнші ретінде де жер-жүзіне танылған жан. Атақты Балуан Шолақ, Алла берген балуандық қасиетімен қатар, әншілік, саяткерлік, атбегілік, шабандоздық өнерлерін төрт аяғын тең басқан жорғадай бірге алып жүрген біртуар талант иесі болғаны тарихтан белгілі.  Оның «Ғалия» әні күні бүгінге дейін әрбір ортада шырқалып келе жатқан өміршең әннің бірі. ...

    Read More »

    Таудан тартылған аспалы жол

    Ауыл спортының майталманы, туған жерінің жотасындағы тауға шаңғыдан аспалы жол салып, жастардың қысқы спорт түрімен айналысуына жағдай жасаған ардақты азамат Ноғай Мүсірбаев туралы бір үзік сыр. Қысқы спорт түрлерінен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары арасынан алтын жүлдені жеңіп алған жерлесіміз, төрт жылда бір айналып келетін дүрмекті доданың төрт дүркін күміс, екі дүркін қола жүлдегері, төрт дүркін әлем чемпионы, Владимир Смирнов елімізге ...

    Read More »

    Тұмарлы тұлпар

    Күн ұясынан көтерілгенде атқорада тұрған ақбозат иесінің келуін елеңдей күтеді. Қолына жүгенін сүйретіп иесі қораға кіре бастағанда ақбоз кісінеп жіберді. Онысы «жеттің бе әйтеуір», дегенді білдіргендей. Құйрық-жалын сипай келіп, жүгенді мойынына сала бастағанда ақбоз ат  иесіне еміренеп жеңінен тартып еркелеп  қоятын. Бүгін де сол әдетін қайталады. Ергеш те  кезінде дүйім жұрттың дүлділді тұлпарына айналып, көкпардың айлалы арғымағы атанған ақбозын қайыра ...

    Read More »

    Қашықтықтан оқыту жүйесіне дайынбыз ба?

    Соңғы кезде әлеуметтік желіде ғана емес, қоғамда қызу талқыға түскен қашықтықтан оқыту жүйесі бүгінде басты проблемаға айналып отыр.  Мектеп оқушылары мен студенттер білімдерін үйде, оқытушылар бір сәт тележүргізуші қызметіне ауысып арналардан бейнесабақ бере бастады. Иә, бір жағынан дамыған 30 елдің қатарына қосылуға талпынып келе жатқан біздің мемлекет үшін керек-ақ дүние, алайда оқушылар да, оқытушылар да бұл жүйеге дайын еместігін көрсетті. ...

    Read More »

    Жақсы  кітап  – жан азығы

    Қазір Қазақстан ғана емес, дүниежүзі үрей мен үміттің ортасында. Үнемі қорқыныш пен уайым адамның иммундық жүйесін әлсіретеді. Өзіңіз және туған-туысттарыңыз үнемі қорқыныш сезімінде болмауы үшін жағымсыз ақпараттар ағынын барынша шектеу қажет. Себебі, адамның ішкі құрылысында кезігетін аурулар психологиямен тікелей байланысты. Көңіл-күйдің түсіңкі болуы, үлкен мидың шаршауы түрлі аурулардың басты себепкері. Медицина ілімінде үлкен мидың жұмысы бүкіл дене организмдеріне тікелей әсер ...

    Read More »

    Дауыс берген барлық жанкүйерге алғыс айтамыз!

    Онлайн-футболдан Қазақстан Журналистер лигасының ұйымдастыруымен өткен «Карантино CUP» турнирінде «Хабар» агенттігінің «Khabar» командасы жеңіске жетті. Бұл турнир елде карантиннің жариялануына байланысты дауыс беру пішінінде BAQ League жобасының Инстаграмдағы парақшасында жүргізілді. Яғни, аталған әлеуметтік желіге тіркелген оқырман парақшаға кіріп, бір рет дауыс бере алды. Жарыс екі аптаға созылып, оған 16 команда қатысты. Командалар күн сайын онлайн ойындар өткізді. Осы сайыстарда дауыс ...

    Read More »

    «Өлісін риза қылатын…» Америка-ай!!!

    …Американың көп әдетін, көп ғұрпын қабылдамай жатамыз. Ол жөн де шығар. Өйткені ондай қасиет өзімізде де, елімізде де жоқ! Алысқа кетпейін. Таяуда Ұлттық Баскетбол Қауымдастығы тарихында өшпес із қалдырған ойыншы Коби Брайант тұтқиыл келген ажалдан қайтыс болды. Содан бері бүкіл Америка аза тұтып, көз жастарын тия алмауда. Бұл 300 миллионға таяу халық тұратын елдің бәрі баскетбол ойнаған жоқ қой! Олар ...

    Read More »

    Жақсы келді дегенше — жарық келді десеңші

    Ел спортының еңсесін көтеру үшін ауыл-аймақтағы спортты дамыту керек екенін кейбір облыстар ісімен дәлелдеп келеді. Айталық, жер жанаты Жетісу жерінде ауыл спортына айырықша көңіл бөлінуде. Оған себеп, қайбір мамандық болсын өз саласының маманы болған жағдайда ғана сол саланың өресі кеңейіп, ісі оңға баса бастайды. Маман болу бір төбе, егер өзінің сүйікті мамандығына сүйіспеншілкпен қарап, белсене жұмыс істесе нұр үстіне нұр ...

    Read More »

    Үздік спортшыны анықтайық

    Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы мен Sportpress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайты биылғы жылдың үздік спортшыларын анықтау үшін сауалнама жүргізеді. Мысалы, ерлер арасында Бекзат Нұрдәулетов (бокс), Елдос Сметов (дзюдо), Бахтиер Зайнутдинов (футбол) деп таңдасаңыз, әйелдер арасында Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Юлия Галышева (могул) деп спортшы мен жақшаның ішінде оның қай жарыстың түрімен айналасатынын жазсаңыз болады. Ерлер және әйелдерден үш-үштен ...

    Read More »