• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Құрмет

    Мұсағали Тасқалиев ердің жасы елу жасқа келді

    Қазақ спорт журналистикасында табанды еңбегімен ел құрметіне бөленіп жүрген қаламгерлердің арасында шоқтығы биік бір жанды ерекше атағым келеді. Ол – Мұсағали Тасқалиев. Осы журналистика саласынан қоныс аудармай, көп жылдар бойы тер төгіп, ел алғысын алып жүрген бұл азаматқа спорт сүйер қауымның ықыласы ерекше. Қоныс аудармай деген сөзімнің түп мәніне келетін болсақ, көптеген жас журналистер айтулы салаға екпендіп келіп, ауыртпалығына шыдамай, ...

    Read More »

    Үздіктердің үздігі

    Жыл сайын 19 желтоқсан күні «Спорт жұлдыздары» республикалық журналы (бас редакторы, елге белгілі журналист Мұсағали Тасқалив) мен Қазақтың Спорт және туризм академиясы бірігіп, еліміздегі спорт саласында үздік шыққан мектеп,аудан, облыстарды марапаттап отыратын жақсы бір дәстүрді қалыптастырып келеді. Биылғы жылы да айтулы шара әлемді мазасыздандырып тұрған індетке қарамай, жалғасын тапты. Жылдың үздік спорт мектебі болып биыл жыл бойы тынымсыз, табанды еңбек ...

    Read More »

    Қазақтың әйгілі желаяғы

    Әлемде жылқы малына жаны құмартып, оған соншалықты бауыр басқан қазақтан артық ел жоқ шығар. Көшпенді қазақ халқының өмірінде жылқы малы үлкен орын алған. «Ат – ер қанаты», деген қанатты сөз бар. Тұлпар мініп найзаның ұшымен, білектің күшімен қаншама батырларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғады. Ал, бейбіт өмірде жүйрік мініп, бәйгеде бағын сынады. Тұлпарлардың тұлпары аламан думан бәйгелерде танылған. Жылқы  жүйрік қана ...

    Read More »

    Алматыда жыл үздіктері марапатталды

    19 желтоқсан күні Алматы қаласында Қазақтың Спорт және туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен «Жыл үздігі-2020» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен «Ұлт батырлары» кітабының тұсаукесері болып өтті. Осымен төртінші жыл қатарынан өтіп жатқан іс-шара жер-жүзін жайлаған пандемия кезінде ұйымдастырылғандықтан барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізілді. Былтыр дәл осы жерде өткен іс-шарада қазақ спортшылары туралы «Ұлы дала батырлары» кітабының ...

    Read More »

    Нес-аға!

    Қазақ баспасөзінде спортты айшықты тақырыпқа айналдырған Сейдахмет Бердіқұловтай көрнекті қаламгерден тәлім алғанын мақтан ететін Несіп Жүнісбайұлы бүгінгі таңда өзі де қарымды, қарулы қаламгерге айналды. Қалың оқырманы мен шәкірттері Нес-аға деп құрметпен қарайтын қаламгердің шығармашылық қабілеті жастайынан жарқырап көрінді. Талдықорған облысының Қаратал ауданындағы «Көпбірлік» ауылында туып-өскен мектептен кейін көп ойланбастан Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Ал әскерден оралған соң арманы мен ...

    Read More »

    Жаныңда жүр жақсы адам

    Қарға тамырлы қазақпыз. Бір-бірімізге айырламас жақын ағайын-туыс, ажырамас, дос-құрдас болып араласып жатамыз. Біздің қазақтың өзге ұлттан өзгешілігі, құдіреттілігі де осында ма деймін. Қарап тұрсаң өзіңе деген сенімді, әр кезде қасыңнан табылатын, қамқоршы достарың туған бауырдай болып кетіп жатады. Қазақ достың көңілі бір атым насыбайдан қалады деп достықтың кей кезде сынаптай сырғып кететін сенімнен шығатындары да болатындығын ескертеді. Әңгіме барысы  жаныңда ...

    Read More »

    Өлмейді Марадона!!!  (фото)

    Өзі өлгенмен оның ғаламат футболы өлмейді! Мен үшін МАРАДОНА әлемдік футболдың ең жарық жұлдызы боп қала береді! Өйткені мен оның ҰЛЫ ФУТБОЛЫНА  куә болған жанмын! Міне,оқыңыздар! Мұндай жанның ӨЗІ ӨЛГЕНМЕН  ӨНЕРІ ӨЛМЕЙДІ!!! Мен көрген Марадона О, тоба, ол маған тіпті таяу келді. Жиналғандарға жанарын жарқ еткізіп бір қарады да, үн-түнсіз орындыққа отыра кетті. Жонылған ағаштың бұрғыша бұралған қабығындай боп ұйысқан ...

    Read More »

    Елдің ісі – ердің қолында

    Кеңес Одағының еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО  әуе күштері әскерінің үш дүркін абсолютті чемпионы, ережесіз жекпе-жектен тоғыз дүркін Әлем чемпионы, КСРО мен Қазақстанда  кикбоксинг пен ушу-саньданың іргетасын қалаушы, Дүниежүзілік «Жекпе-жек» қауымдастығының президенті Сабыржан Ғалымжанұлы Махмет туралы бір үзік сыр. «Бірақ, ұлтшыл болу – өзге ұлттарды басыну деген сөз емес. Ұлтшыл адам ғана, өз ...

    Read More »

    Сегіз қырлы бір сырлы

    «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, орыстың әлемге әйгілі балуаны Федор Шаляпин, тамаша  әнші ретінде де жер-жүзіне танылған жан. Атақты Балуан Шолақ, Алла берген балуандық қасиетімен қатар, әншілік, саяткерлік, атбегілік, шабандоздық өнерлерін төрт аяғын тең басқан жорғадай бірге алып жүрген біртуар талант иесі болғаны тарихтан белгілі.  Оның «Ғалия» әні күні бүгінге дейін әрбір ортада шырқалып келе жатқан өміршең әннің бірі. ...

    Read More »

    Еркін күрестің Құлагері

    Еліміздегі еркін күрес тарихында аты алтын әріппен жазылған айшықты балуан, қазақ жастары арасынан тұңғыш рет Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері, сонымен қатар, қандастарымыздың арасынан  Азия ойындарының  алғаш рет алтын жүлдесін жеңіп алған қазақтың даңқты балуаны Мәулен Сатымбайұлы Мамыровтың даңғыл жолы. Кең байтақ жерімізді сыртқы жаудан қорғауда қазақ батырларының жауынгерлік өнерді терең меңгергендіктері туралы бүгінде толассыз айтылып, жазылып келеді. Әрине, батыр бабаларымыздың ...

    Read More »