• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Құрмет

    Жастарды жеңіске жетелеген Жәмила

    Бүгін Алматы қаласындағы №8 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебініне жол түсіп бас сұққан едім. Бұл спорт мектебінде жаттығып жатқан жасұландар еліміздің абыройын әлемдік жарыстарда табысты қорғап жүрген дарынды жастар. Негізі «Ел іші — кен іші», демекші қазақ даласы таланттарға тұнып тұр. Тек оларды тани білетін, жігерін қайрап жани білетін мамандар болса болғаны. «Бұлақ көрсең көзін аш», деген ...

    Read More »

    Көзден кетсе де, көңілден кетпейді

    (Амангелді Сейітхановтың құрметіне команда құрылды) Жақында астанада шағын футболдан журналистердің BAQ League біріншілігінің кезекті маусымы басталды. Оған белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітхановтың құрметіне құрылған «Жеңіс Dream team» командасы да қатысып жатыр. Осы жасаққа жиналған барлық жігіттерге алғысымды айтамын. Командаға шақырған әріптесім Всеволод Хванға ризашылығымды білдіремін. Аужекең екеуі «Литер» командасында бірге ойнаған еді. Ол кезде Аман ағаммен мен 2020 – ...

    Read More »

    Алыптар ауылдан шығады

    Жуырда Жетісу өңіріне жол түсіп барып қайтқан едік. Кезінде  Ілияс Жансүгіров өз жырларына арқау болып кестелеген Жетісу өлкесінің тұмса табиғатына сүйсініп, өзіңнің де көмейіңнен жыр суырлып шығатындай күйде боласың. Алланың нұры қонған жердің бір жаннаты дерсің. Көлікпен желдей есіп бара жатып, қазағымның кең байтақ даласына көзің тоймай тамсана қарай бересің. Бұл бір ғажап әсерлі көрініс. Талдықорған қаласына келіп табан тірегеннен ...

    Read More »

    Көзден кетсе де, көңілден кетпейді (ФОТО)

    Біздер қасымызда  жүрген қадірлі, құрметті жандарды тек арамыздан кеткенде ғана біліп жатамыз. Әрине, адамның  артықшылығын көзі тірісінде бағаланып, халық алдында лайықты бағасын алып жатса одан артық не бар шіркін. Қазақтың көптеген жақсы, жайсаңдары ортамызда жүргенде барынша еленбей, бақилық сапарға аттанып кетіп жатқандарында ғана «Ой, қандай адам еді», деп, жерге сыйғызбай мақтауын келістіреміз. Менің айтпағым, адамды көзі тірісінде жақсы сөздермен жан ...

    Read More »

    Елге барған бір сапар

    № 34 Кенен ауылдық кітапханасында «Бала күнгі бір кітап» жобасы аясында  ауылдас ағамыз, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі , Сейдахмет Бердікұлов атындағы сыйлықтың лауреаты, Яхонтов атындағы халықаралық «Сөз өнері» байқауының жүлдегері (Ленинград – 1989), Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы ревизиялық комитетінің төрағасы, тұңғыш рет қазақ күресінен ашылған интернет сайттың авторы, Қазақ күресін  БАҚ арасында дамыту жолындағы еңбегі үшін ...

    Read More »

    Қаламгерге құрмет

    Бүгін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұжымы қоғам қайраткері, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбекпен кездесу өткізді. Кездесуде белгілі жазушы, журналист жиналған қауымға өз кітаптарын таныстырып, өмірбаяны мен спортқа қатысты оқиғаларды айтып берді. Ал мектеп оқушылары қазақ спортының шежіресін түгендеп жүрген тарихшыға сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауап алды. Осыдан кейін қарашаңырақтың спортшылары биыл 90 жылдығы тойланған ақиық ақын Мұқағали ...

    Read More »

    Бүлікшілерге қарсы тұрған батыр басшы

    Алматыдағы қаңтардың қайғылы оқиғасы қазақ еліне ауыр тиді. Қаншама боздақтар алаңға шығып, оққа ұшып, қаза болды. Иә, қазіргі ресми деректерде 200-ден асатын санды жария етуде. Ал, негізінде одан екі есе көп қазақ жастары жан құшты. Қаңтардың қайғылы күндерінің себеп-салдарын Үкімет тарапынан тағайындалған арнайы комиссия әлі зерттеп жатыр. Дегенменде бейбіт шеруге ілесе шыққан жазықсыз жандар ауыр жазаға тартылып кетпесе екен деген ...

    Read More »

    Тоқсан тарланды танытқан тарихшы

    Былтыр Sportpress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтында белгілі қаламгер, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбектің «Қазақтың 72 бапкері», «Саңлақ» деген кітаптарды шығарып, оқырман қауымды қуантқанын жазған едік. Енді міне, жаңа жылдың алдында қаламгер «Қазақтың 90 бапкері» атты тағы бір кітап жазып, көпшіліктің назарына ұсынып отыр. Бұл еңбек «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының бас серіктес болуымен, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» корпоративтік қорының ...

    Read More »

    Көңіл көңілден су ішеді

     Бүгін Алматы қаласындағы Қазақ Спорт және Туризм академиясында осымен бесінші жыл қатарынан  спорт саласы бойынша өткен  марапаттау рәсімде қолы ашық, жаны жомарт меценат, кәсіпкер Рүстем Мұқатов «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін» медалін алып, «Үздік спорт жанашыры» аталымының жеңімпазы атанды. Атымтай жомарт азамат бірнеше жылдан бері спортшыларға қолдау көрсетіп, олардың жаттығуларына, жарыстарға дайындалуына баса назар аударып келеді.  Сонымен бірге ол жаттықтырушылар мен ...

    Read More »

    Жүзден жүйріктер жүлде алды

    Бүгін Алматы қаласындағы Қазақ Спорт және Туризм академиясында спорт саласы бойынша жыл үздіктерін марапаттау рәсімі болып өтті. Осымен бесінші жыл қатарынан өткен іс-шараның маңыздылығы орасан зор. Біріншіден, бұл жолғы марапат Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналса, екіншіден, әлемдегі ең үздік оқу орыны мен қазақ тілінде жарық көретін спорт журналының ұйғарымымен еліміздің түкпір-түкпірінен шын мықтылар анықталып, халықтың атынан марапатқа ие болды. Ұлттық ...

    Read More »